Бүркіт пен Аишаның ұлы ән шырқап көпшілікті тәнті етті
Жұлдызды жұптың ұлы да өнерге ден қойған.
Бүркіт және Аиша лақап атымен танылған қазақстандық жұлдыздар жұбы Айбек пен Виктория Жансейітовтердің ұлы Зейін жеке әнін көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.
Зейін өнерлі ата-анасының жолын қуып, әнші болуға бекініпті. Ол «Ялла» тобының «Музыкальная чайхана» әнінің қазақша нұсқасын жырқады. Курортта демалып жүрген отбасы туындыны Зейіннің орындауында жұрт назарына ұсынған.
Жаңа әнді қабыл алыңыздар, деп жазылған жазбада.
Оқырман қауым жас өреннің дауысына тәнті болып, оған сәттілік тілеп жатыр.
«Жарайсың», «Дауысы әдемі екен», «Керемет, әрі қарай дами бер», «Бұл ән өзіне жарасып тұр», «Әдемі орындау», деп жазған көпшілік.
Фото: instagram.com/berkut_aibekjan