Танымал әншінің әйелі өлең оқып, қазақ тілін үйреніп жүргенін көрсетті

Желі қолданушылары төртінші сәбиін күтіп жүрген Аишаға жылы лебіздерін білдірді

Сабина Асқарқызы

  • 20.01.2025

Белгілі әнші Айбек Жансейітовтің әйелі Аиша өзінің Instagram парақшасында қазақ тілінде өлең оқыған видеосын жариялады. Оның өнеріне желі қолданушылары жоғары баға беріп, қолдау көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Видеода әншінің шетелде, жағажайда жүргені байқалады.

Бүгін қазақ тілінде өлең оқудың қаншалықты қиын екенін түсіндім. Бұрын әлдеқайда оңай деп ойлайтынмын. Енді мәнерлеп өлең оқудың өз алдына үлкен өнер екенін анық ұқтым. Әр тілдің өзіндік ерекшелігі бар, оны тыңдап, үйрену қажет. Менің тырысқаныма шыдап баққан күйеуіме алғыс айтамын. Мінсіз оқи алмағаным үшін кешірім сұраймын, деп жазды әнші.

Желі қолданушылары төртінші сәбиін күтіп жүрген Аишаға жылы лебіздерін білдірді.

«Дауысыңыз құлаққа жағымды, тағы да күтеміз. Ең бастысы, қазақша сөйлеуге деген ниет», «Келін ененің топырағынан деп бекер айтпаған екен ата-бабаларымыз, Аиша енесіне ұқсап, өлең оқығаны өте әсерлі, керемет көрініс», «Үлгі тұтар отбасы», деп жазды желі қолданушылары.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

16.04.2025

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

16.04.2025

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

15.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

15.04.2025
MalimBlocks
Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

Алматылық оқытушылардың бірі депутатқа хат жазып, жағдайды баяндаған

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

Көпшілікке оның өзін-өзі ұстауы ұнамаған.

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

Бұл туынды алғаш рет 1983 жылы орындалған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

Өнер иесі дүркіретіп той жасаймын деген еді.