457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Индира Елемес 10 жыл бойы сүймеген адаммен тұрғанын айтты

Мен ешкімнің жеке меншігі емеспін, -деді ол.

Танымал әнші Индира Елемес сұхбат барысында жеке өмірі туралы сырын ашты, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz cайтына сілтеме жасап. 


Әншінің сөзінше, қазір жұбайымен ажырасып жатыр.

"Ажырасу мәселесі 2022 жылдан бері (келе жатыр - еск.). Мен ешкімнің жеке меншігі емеспін. Ол адамда басқаша ой болды. Он жыл бойы солай өмір сүргеніме таңғаламын", - деді ол.

Индира Елемес сұхбат барысында жан сырын ақтарды.

"Той болған жоқ. "Дубайда болсын" деп ұсынды. Мен "жоқ" дедім. Өйткені мен ол кісіні жақсы көрген жоқпын. Ол кісі оны жақсы біледі. Бастапқыда айттым, соңында да айттым. Мен еш уақытта жақсы көрмегенмін. "Жақсы көрген адамыма ғана ақ көйлек киіп, тұрмысқа шығамын" деп айтқанмын. Сондай мақсат қойдым. Олай болмады. Он жылдан аса уақыт сол кісімен тұрдым. Ер азамат болғаннан кейін  сыйладым. Біз қалай келістік, ол сөзінде тұра алған жоқ", - деді ол.

Фото: instagram.com/indiraelemes