«Күйеуі ашулы». Төреғалидың қарындасына белгісіз біреу 1001 раушан гүлін жіберген

Блогер отбасылы келіншекке бөтен адамдардан сыйлық қабылдау әбестік екенін айтады.

Сабина Асқарқызы

  • 31.07.2024

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Дина Төреәліге белгісіз біреу 1001 раушан гүлін сыйлаған. Мұндай сыйлық күтпеген Дина Төреәлі қиын жағдайда қалғанын айтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Танымал блогер қызылордалық Ернар есімді жігітке тұрмысқа шығып, былтыр желтоқсан айында ана атанғаны белгілі. Дина Төреәлі өзіне гүлді құрбылары мен достары жіберген деп ойлаған. Алайда, гүлдің кімнен келгені жұмбақ болып шықты.

"Тәтті қыз, ертең 12:00-де аулаға шық. Бұл гүлдерді кім жібергенін көресің" , - делінген хатта.

Бейтаныс адам жіберген гүлді блогердің жолдасы үйіне кіргізуге рұқсат бермеді. Ол гүлді жеткізіп берген адамды сұрақтың астына алды.

"Күлейін ба? Жылайын ба? Мынау қалай кетті? Бойдақ күнімді еске түсіріп жіберді. Отбасылы адамға осындай нәрсе жіберіп не керек? Мен әдеттегідей қыздардан немесе дүкендерден келген сыйлық деп ойлап қалдым. Жолдасымның ойластырған пранкы емес. Оның реакциясынан өзім шошып кеттім", - деп пікір білдірді Дина Төреәлі.

Ашуға булыққан күйеуі гүлді алып кетуді талап еткен. Желі қолданушылары Дина Төреәліге жолдасы пранк жасап жатқанын айтады.

«Күйеуінің өзі ғой», «Өздері әдейі ұйымдастырып отыр-ау», «Қыздың жазуына ұқсайды, қыз жіберген шығар», - деп жазды блогердің оқырмандары.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Dina Toreali (@tattti_kyz)

Фото: instagram.com/tattti_kyz

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

19.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

05.05.2025

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

29.04.2025

Динара Сәтжанның құны 150 млн теңгелік неке жүзігі қызу талқыға түсті

28.04.2025

854 блогер кірісін толық көрсетпеген

27.04.2025
MalimBlocks
Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

Адвокат Жанна Уразбахова ЖИ арқылы жасалған видеоның ешқандай қылмыс емесін айтқан

Динара Сәтжанның құны 150 млн теңгелік неке жүзігі қызу талқыға түсті

Ал образы 236 млн теңгеге жуықтаған.

854 блогер кірісін толық көрсетпеген

338 блогер 256 миллион теңге салық төледі