Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Қазақстандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова әскери шені бар екенін жария етті, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті. Әншінің айтуынша, ол алғашында қатардағы жауынгер ретінде әскери есепке алынған.
Мен де әскери сала қызметкерімін. Запастағы прапорщикпін. Алдымен қатардағы Сәдуақасова болдым. Екі жылдан кейін кіші сержант атағын алдым. Әрең дегенде прапорщик болғанымда, ол атағым жойылып кетті. Содан кейін қайтадан запастағы кіші сержант болуға тура келді, – деп жазды ол.
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina


Ең көп оқылған
