«Қураған сүйек»: Ғалымжан Құрманбек Кенесарының басы туралы даулы мәлімдеме жасады
Батырларды дін үшін соғысты деп мәлімдеме жасаған әртіс Кенесарының басы мен Тайқазанға тиісті
Танымал әзілкеш Ғалымжан Құрманбек қоғамда дау тудырып, кезекті рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Шілде айында алқалы жиынды «Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр жер үшін емес, Ислам діні үшін соғысты» деп айды аспанға шығарған әртіс енді Кенесарының басы мен Тайқазанға көшіпті.
Ғалымбек Құрманбектің айтуынша, кезінде қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков Түркістанға тайқазанды әкелген күні Қазақстанда зұлымдық басталған.
"Қазан келген күні зинақорлық, жемқорлық, араққорлық, нашақорлық басталды",- дейді әзілкеш.
Бұл аздай, әртіс қасиетті Тайқазанды темірге, шойынға теңесе, ал тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі Кенесары ханның басын құр қураған сүйек деп отыр.
Осыған байланысты әлеуметтік желі қолданушылары бір емес, екінші рет ұлттық құндылықтарымыз бен болмысымызға тіл тигізіп, мазақ етіп отырған әртісті заңға сай жауапкершілікке тарту керек екенін жазуда.
Айта кетсек, бұған дейін де дін үшін астыртын күреске шақырған Ғалымбек Құрманбектің үстінен бір топ азамат тиісті органдарға шағым түсірген болатын.
Фото: democrat.kz