«Имансыз ұрпаққа жердің қажеті жоқ». Танымал асаба қазақ батырлары ислам діні үшін соғысқанын айтты

Ол қазақ батырларының жер үшін емес, дін үшін соғысқанын айтады

Сабина Асқарқызы

  • 30.07.2024

«Нұр-Мүбарак» діни университетінің құрылысына ақша жинау үшін шақырылған жиында танымал асаба Ғалымжан Құрманбек дін үшін соғыс туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Malim.kz.

Adyrna.kz ақпараттық агенттігі асабаның сөйлеген сөзінен үзінді жариялаған. Ол Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбай секілді қазақ батырлары жер үшін емес, ислам діні үшін соғысқанын айтады.

«Қазақ еліне, оның ішінде мұсылмандарға жан-жақтан дін дұшпандары, ел дұшпандары анталап тұр. Оны күн сайын көзімізбен көріп отырмыз. Күн сайын құлағымызбен естіп, жүрегімізбен сезіп отырмыз. Жыл санап, ай санап, күн санап, сағат санап, сәт санап, дін дұшпандары бізді сонау бабабалардан келе жатқан, сақтан келе жатқан салтымызды, ғұннан келе жатқан ғұрпымызды, діннен бастау алған дәстүрімізді, әлімсақтан келе жатқан әдебімізден айыру үшін түрлі сұрқия әрекеттер жасап жатыр. Мынау жиын ұрпақтарымызды қарсы тұруға дайындау үшін жасалып отыр. Ұрпақтарымызды жігерлі, иманды, инабатты, ибалы, жері мен отанын сүйетін, өйткені атам қазақ «Отанды сүю иманнан» дейді. Кешегі Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Махамбет, Исатай, Райымбек, Қарасайлар жер үшін соғысқан жоқ. Ислам үшін, ата-дініміз үшін соғысты. Өйткені, имансыз ұрпаққа жердің қажеті жоқ еді. Мына жерге ие болатын иманды ұрпақтың діні үшін соғысты, ағайын. Алла жолында соғысты. Міне, осы заманның батырлары сіздерсіздер. Сол соғысты жалғастырып келе жатқан сіздерсіздер, игі жақсылар», - дейді ол.

Асабаның сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары мұндай мәлімдеме жасаған асабаны жауапқа тартуды талап еткен.

Байланысты жаналықтар

Ресей мен Украинаның соғысып жатқанына 1000 күн. Текетірес тоқтай ма? 

19.11.2024

Ақмола облысындағы бұрынғы мешіт ғимаратында газ жарылды

17.11.2024

«Намаз оқуды талап еттік»: Абай Бегейдің әйелі балаларына діни тәрбие беретінін айтты

29.10.2024

Зерендідегі соғыс жауынгерлеріне қойылған ескерткішті бүлдіріп кеткен

27.10.2024

Израиль Ирандағы нысандарға шабуылын аяқтағанын мәлімдеді

26.10.2024

Израильдің соққысынан қаза тапқандар саны 2,5 мыңнан асты

23.10.2024
MalimBlocks
Ресей мен Украинаның соғысып жатқанына 1000 күн. Текетірес тоқтай ма? 

Қазір ресейліктер 66 мың 932 шаршы шақырым жерді бақылауда ұстап отыр

Ақмола облысындағы бұрынғы мешіт ғимаратында газ жарылды

Оқиғадан қаза тапқандар бар, тағы біразы жараланған

«Намаз оқуды талап еттік»: Абай Бегейдің әйелі балаларына діни тәрбие беретінін айтты

Әншінің жары балаларын намаз оқуға міндеттейтінін жасырмады

Зерендідегі соғыс жауынгерлеріне қойылған ескерткішті бүлдіріп кеткен

Полиция оларды іздеп жатыр

Израиль Ирандағы нысандарға шабуылын аяқтағанын мәлімдеді

Оны Иран шабуылдарына жауап ретінде мәлімдеген

Израильдің соққысынан қаза тапқандар саны 2,5 мыңнан асты

12 мыңға жуық адам жарақат алған