«Шедевр күткен мен де жынды». Танымал журналист қазақстандық фильмді сынады

Ол бұл киноға түскен атақты актерлерді де сөзбен түйреп өткен

Сабина Асқарқызы

  • 06.11.2024

Қазақстандық журналист Диас Нұрақын Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаровтың «Кеттік, бәрін таста» фильмін сынады, деп хабарлайды Malim.kz.

Тілші өзінің Faceebok парақшасында оқырмандарын бұл туындыға бармауға шақырды.

«Күйбең тірлік бітпейді, кеттік бәрін таста деп келіншегімді ертіп киноға бардық. Енді алтын уақытымды, билетке төлеген 5400 теңгемді ойлап ішім ашып отыр. Жарнамасы жер жарған «Кеттік, бәрін таста» деген кино нағыз қырт екен. Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаровтан шедевр күтіп жүрген мен де жынды. Ерлан Біләл мен «Шаншардағы» Уәлибек көкем де кредиттерін төлей алмай қиналып жүрген сияқты. Әйтпесе мән-мағынасы, езу тартар тұсы, тіпті мазмұны жоқ мұндай киноға түспес еді. «Жәй жүрсіңдер ме, шәй ішесіңдер ме?» деген қырық жылғы қыртымбай әңгімелерін әлі айтып жүр. Бұл фильмнен рухани азық аламын, ішкі мәдениетімді көтерейін деп жүрген мен жоқ. Жай әшейін жеңіл әзіл көріп, қазақы қалжың естіп, ми тынықтырайын дегенмін. Қысқасы, қырттардан қырт фильм туады, қырттың жолын қырт қуады екен. Ақшаңды аямасаң да, өзіңді аяп бұл киноға бармай-ақ қойыңыздар. «Базар жоқтың» деңгейінен әрі аспаған әртіссымақтардың фильмінен «Не шутите с Зоханом» деген кино әлдеқайда қызық, - деп жазды Нұрақын.

Фото: kino.kz

Байланысты жаналықтар

Бақыт Тұрман әртістің әйелі болудың қиын тұстарын айтты

05.09.2024

«Әйелің бір күнде сатып жібереді». Қайрат Әділгерей анасын жанынан тастамаған спортшы туралы айтты

16.08.2024
MalimBlocks
Бақыт Тұрман әртістің әйелі болудың қиын тұстарын айтты

Ол әдетте суретке де жалғыз түсетінін айтты.

«Әйелің бір күнде сатып жібереді». Қайрат Әділгерей анасын жанынан тастамаған спортшы туралы айтты

Қайрат Әділгерей әйелін азаптап өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевты мысалға келтірді.