457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Бес бала өртеніп өлгенде жаназаларына бармаған...». Сәкеннің тойына барған бас мүфти сынға ұшырады

Алматыда өткен Сәкен Майғазиевтің ұлының тойына ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысып, бата беруі қоғамда қызу пікір туғызды. Бұл туралы Malim.kz хабарлады.


Әлеуметтік желі қолданушылары арасында бұл жағдайға қатысты әртүрлі көзқарастар байқалады. Журналист Диас Нұрақын бас мүфтидің кейбір қайғылы оқиғаларда бой көрсетпегенін сынап:
«БҚО-да бес бала өртеніп өлгенде жаназаларына бармаған, Ақтауда ұшақ апатқа ұшырағанда құран бағыштамаған, Астанада автобус апатынан шынашақтай қыз екі аяғынан айырылғанда жүрегі сыздамаған Бас мүфти бүгін Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында бата беріп жүр. Той дегенде қу бас домалайды деген рас-ау?!» – деп жазды.

Диас Нұрақынның фб парақшасындағы жазбасынан скрин 

Алайда желі қолданушысы Дәурен Құдайберген бұл көзқарасқа қарсы пікір білдіріп, мұндай әрекеттердің ұлт бірлігіне сызат түсіретінін айтты:
«Басқа этностар алдында ашылып, айтуға болмайтын жерлерімізді де айтып тауысқандаймыз. Қоғамда болып жатқан кез келген оқиғаға, оның ішінде дін қызметкерлерінің әрекетіне баға берерде шынайы жағдайды толық білмей жатып кесім айту – әділеттілікке жатпайды. Майғазиевтің қуанышында бата бермесін деген тыйым жоқ қой» – деді ол.

Осы жайтқа байланысты ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы да пікір білдіріп, имамдардың әрдайым халықпен бірге екенін атап өтті:   

ҚМДБ Баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының фб-дағы жазбасынан скрин 

 

«Имамдар онсыз да қайғының бел ортасында жүреді. Бірақ оны ешкімге міндетсімейді. Бес бүлдіршіннің қазасы, қос аяғынан айырылған қыздың тағдыры бәріміздің жанымызға батты. Имамдар қоғам алдындағы міндетін ешкімге жарияламай-ақ атқарып жатыр. Өмір тек қайғыдан тұрмайды. Бас мүфтидің қуанышты жиында да бата беруі – орынды іс» – деп жазды ол.

Фото: видеодан скрин