«3-4 рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы туралы айтады». Қанат Әлжаппаров коучтарды сынады

Әзілкеш бизнесі жоқ адамдардың баю туралы айтатынына да таңғалды.

Сабина Асқарқызы

  • 16.01.2025

Актер әрі әзілкеш Қанат Әлжаппаров әлеуметтік желіде халыққа баюды, бақытты отбасы болуды үйрететін кісілерді сынады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әзілкеш қалтасында көк тиыны жоқ адамдардың өзгелерге баю жолдарын үйретіп жүргеніне налыды.

Интернетті ашып қалсам, көк тиын ақшасы не бизнесі жоқ аға баюдың жолын үйретіп отырады ғой. Негізі бай адам үйретпейді ғой. Одан қалды 3-4 рет күйеуге тиіп келген апа бақытты отбасы туралы айтып отырады, миыңды ашытып... «Қазақ – жалқау халық» деген сөз бар ғой.

Негізі біз жалқау емеспіз. Біздің сенгіштігімізді пайдаланып, бізге жұмыс істетпейді. Күректі алып, енді жұмыс істейін деп жатса, «неге сен жұмыс істеп жатырсың, Шыңғыс ханның ұрпағысың» деп айтады. Сол жерде күректі лақтырып жібересің, өйткені ханның тұқымысың ғой. Сол жерде Шағатайдың інісі болып кетесің ғой. Сондықтан біреудің өсегіне сенбей, өзіміз үшін тірлік істеп жүрсек, біз әлемдегі ең бай ел боламыз деп ойлаймын, — деді Әлжаппаров.

Фото: instagram.com/alzhapbarov

Байланысты жаналықтар

Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

08.04.2025

«Арам пиғылын алдын ала жоспарлады»: Шәріп Серіктің анасы мәлімдеме жасады

08.04.2025

6 ай қалды: Қожаны сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың қандай ауруға шалдыққаны белгілі болды

05.04.2025

Қазақстандық танымал актер қамауға алынды

04.04.2025

Қызды ұрып-соқты деп айыпталған актер Шәріп Серік видео жариялады

04.04.2025

Блогердің оқушы қыздардың қысқа киіміне қатысты сөздері қызу талқыға түсті

04.04.2025
MalimBlocks
Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

Ол Нұрлан Әлімжанмен вальс билеген видеосын жариялады.

«Арам пиғылын алдын ала жоспарлады»: Шәріп Серіктің анасы мәлімдеме жасады

Ол бойжеткеннің болған оқиғадан соң неліктен араға екі ай салып арызданғанын түсінбейтінін айтты.

6 ай қалды: Қожаны сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың қандай ауруға шалдыққаны белгілі болды

"Менің атым Қожа" фильмінің басты кейіпкері ауыр дертке шалдыққан

Қазақстандық танымал актер қамауға алынды

Қызды ұрып-соқты деп айыпталған актер Шәріп Серік видео жариялады

Актер Шәріп Серік кешірім сұрап, видео жариялады

Блогердің оқушы қыздардың қысқа киіміне қатысты сөздері қызу талқыға түсті

Видеоны санаулы сағатта 300 мыңға жуық адам көрген.