«Сотқа беремін». Төреғали Төреләнің басы тағы да дауға қалды

Әнші ақынның өлеңін ұрлап, өзгертіп шыққан.

Сабина Асқарқызы

  • 28.05.2024

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Мұнайдар Балмолда әншіні сотқа бермек. Әнші ақынның «Қазақтың жылқылары» деген әнін рұқсатсыз иемденіп алған, деп хабарлайды Malim.kz.

Мұнайдар Балмолданың «Қазақтың жылқылары» деген өлеңіне композитор Алтынбек Каресов ән жазған.

Түскені құрсын, ұрлап алып, сөзін жоқ қылып, оның орнына Қайнар Алакөзовке сөз жазғызып алып, бір қожалықтың әні қылып, айтып жүр екен! Tik-tok-тан бір байқап қалып, ескерту жасадым. Жақсылықпен қоя қой, менің авторлық құқыма қолыңды сұқпа деп! Жоқ, бұл бала сөзді түсінбейтін болып тұр.  Youtube арнасында, өзінің парағында осы ән тұр деп маған жігіттер хабарласып жатыр. Бұл әнші жігіт Алтынбекке (композиторға) хабарласып, әнді сұрапты. Алтынбек өзінің келісетінін, бірақ "Мұнайдар ағамнан рұқсат сұраңыз" депті. Ал Төреғали мені адам екен демеген, ағам екен демеген, өзім білемге салыпты. Ал осынысы дұрыс па? Менен сұраған да жоқ. Мен рұқсат бермейтін де едім. Сөзін өзгертпей айтса, онда ойланатын едім. Ол менің сөзімді жоқ қылған ғой. Ән өлеңіме бола туды, соған арнайы жазылды.  Бірінші өлең туды, соған менің тапсырысыммен ән жазылды. Сонда бұл әннің авторы кім? Сотқа берсем ше? Менің әнімді рұқсатымсыз алғаны аздай, онымен өзіне жалған абырой жинап жүр. Мұғалжар жылқысы жайлы әндетіп, біреулерден ақша алып, мейманасы тасып тұрған болар. Осылай менің Қазақтың жылқыларына, яки ұлтымыздың, халқымыздың асыл жануарына арнаған әнімді тапап өтпекші, жоқ қылмақшы, - дейді Мұнайдар Балмолда.

Ақын бұған дейін әлдебіреулер әңгімесін ұрлап, фильм түсіргенін айтады.

"Құдайға телефон соққан бала" әңгімемді біреулер ұрлап, фильм түсіріп тастады. Оларды аяп, сотқа бермедім. Ал енді әніме шабуыл жасап отыр. Ашық күнде. Еш ұялмай, қысылмай.  Бұл Төреғали атақты болсам, әумесер болсам, маған бәрі жарасады деп ойлай ма екен? Төреғали біздің «Қазақтың жылқылары» әнінен «Мұғалжар жылқылары» деген, бір аумақтың, шаруа қожалықтың әнін шығарып алған. Сізге жалпы Қазағымның жылқылары қымбат па, әлде бір ғана Мұғалжар тұқымы ма? Адамның сотына бермей, Алланың сотына тапсырайын ба? Екіншісі өте ауыр. Ол қияметке кетеді. Менен кешірім сұрап, доғара қойса, мен кешірер едім. Олай істейтін арлы азаматты, ұятты адамды әзірге көрмедім. Мен әлі аяп отырмын. Түсінер, кешірім сұрар деп. «Ұлы даланың баласымын» деп кеудесін көтеруші еді, қайда сонысы? Ұлы даланың жылқыларына арнаған әнді жоқ қылып, оның орнына бір ғана тұқымды мақтаған, ақша үшін жазылған дүниесін күйттегені ұлтты қорлағандай болды, - дейді оралдық ақын.

Байланысты жаналықтар

Денис Тенді өлтіргендер бостандыққа шықпақ болды

10.10.2024

Тоқаев Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президентін қабылдады

04.10.2024

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне қатысты

04.10.2024

Шымкентте «Пайызсыз баспана» пирамидасын құрғандар сотталды

03.10.2024

Шымкентте жұртты 179 млн теңгеге алдап соққан ХҚКО маманы сотталды

29.09.2024

Қайрат Нұртастың әйелі алданып, пәтерінен айрылғанын мәлімдеді

28.09.2024
MalimBlocks
Денис Тенді өлтіргендер бостандыққа шықпақ болды

Тоқаев Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне қатысты

Шымкентте «Пайызсыз баспана» пирамидасын құрғандар сотталды

Шымкентте жұртты 179 млн теңгеге алдап соққан ХҚКО маманы сотталды

Ол елді жер телімі мен пәтер алып беретін болып алдаған

Қайрат Нұртастың әйелі алданып, пәтерінен айрылғанын мәлімдеді

Уәделі үйінен күдер үзген ол бала-шағасымен пәтер жалдап жүр