«Тіл-көз де болған шығар». Айжан Нұрмағамбетова жол апатына түскенін айтты

Ол бұл жайт өмірін өзгерткенін алға тартты.

Сабина Асқарқызы

  • 31.12.2024

Қазақстандық танымал әнші Айжан Нұрмағамбетова өмірін түбегейлі өзгерткен жол апатын еске алды. Өнер иесі басынан өткен ауыр кезең туралы жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Айжан Нұрмағамбетова басына түскен қиын сынақ туралы Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтты. Әнші жол апатына түсіп, үш ай бойы төсектен тұра алмай қалған.

Жол апатына 40 жасымда түстім. Оң аяғымның еті жыртылып кеткен. Төсекке таңылып, үш ай жаттым. Операциядан кейін тағы үш ай күтінуге тура келді. Қазір есептеп отырсам, екі жылдай оңалуға уақыт кетіпті. Тіл-көз де болған шығар. Сол кезде мен көп дүниенің қадірін білдім. Өмірге қайта келгендей болдым. Бұрын ешкімді жамандамай, дұшпанымды жауға қалдырмайтын адам едім. Одан кейін тіпті періште болдым. Осы күнге дейін ешкімге ауыр сөйлеп, қарғап көрмедім. «Бақыт» деген әнімнің мағынасын сезіндім. Мен түнде жол апатына түстім. Дәрігерлер түнгі үште ота жасады. Сол кезде мен «Тездетіп бітіре салыңыздар, ертең концертім» деп айттым. Алда мені не күтіп тұрғанын білген жоқпын. Өз бетіңше бет жуып, тамақ ішу бақыт екен, - деп ағынан жарылды өнер иесі.

Фото: youtube.com/@XFactorKazakhstan

Байланысты жаналықтар

ҚазАвтоЖол: Ақмолада жаппай жол апаты кезінде 95 көлік соқтығысты

03.01.2025

Астана-Щучинск тас жолында жаппай жол апаты болды

03.01.2025

Айгүл Иманбаева жылды қорытындылады

30.12.2024

Ерке Есмахан отбасымен бірге демалысқа кетіп бара жатқанын айтты

30.12.2024

Мадина Сәдуақасова танымал мультфильмдегі образды қайталады

30.12.2024

Соңғы апта ішіндегі негізгі оқиғалар. Путин кешірім сұрады

29.12.2024
MalimBlocks
ҚазАвтоЖол: Ақмолада жаппай жол апаты кезінде 95 көлік соқтығысты

Астана-Щучинск тас жолында жаппай жол апаты болды

Айгүл Иманбаева жылды қорытындылады

Әнші бүгінге дейінгі өміріне алғыс айтқан.

Ерке Есмахан отбасымен бірге демалысқа кетіп бара жатқанын айтты

Әнші чемоданын жинауға кіріскенін мәлімдеді.

Мадина Сәдуақасова танымал мультфильмдегі образды қайталады

Әнші балалық шағына оралған.

Соңғы апта ішіндегі негізгі оқиғалар. Путин кешірім сұрады

Соңғы бір аптада елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды?