«Түрме адамды өзгертеді»: Дана Есеева күйеуі туралы айтты
Бүгінде Мейіржан Төребаев абақтыда отыр.
Отандық танымал блогер, дизайнер әрі кәсіпкер Дана Есеева күйеуі, вайнер Мейіржан Төребаевқа темір тор қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Дана «Din Dina Show» бағдарламасына берген сұхбатында бүгінде абақтыда отырған жолдасына бұл сынақ үлкен тәжірибе болғанын тілге тиек етті. Сөзінше, ол күйеуінің бойынан да өзгерістер байқаған.
Негізі расында түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды. Адам ол жақтан не жақсы жаққа, не жаман жаққа өзгеріп шығады. Мейіржанның басынан өткен дүние ол үшін тәжірибе болды деп ойлаймын. Ол жақсы жаққа өзгерген. Біз көп әңгімелесеміз, көрісеміз. Мен Мейіржанға қарап, менімен күніне 12 сағат сөйлесе алатын адамды көремін, ол барлық затқа соншалық терең қарайтын болған. Яғни бұл тәжірибе оған жақсы көмектесті, - деді блогер.
Айта кетейік, қаржылық пирамида құрды деп айып тағылған танымал вайнер Мейіржан Төребаев бес жылға бас бостандығынан айырылған.
Фото: elordainfo.kz