Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бостандыққа шығаруды өтінді

Вайнерлер осы өтінішпен сотқа жүгінген

Мәди Саматұлы

  • 14.12.2024

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазасын өтеп жатқан бес жылдық мерзімін жеңілдетіп, бостандыққа шығару туралы өтініш берген. Бұл туралы Kozachkov offside телеграм-арнасы жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Арнаның жазуынша, олар өтінішпен Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына жүгінген.

Екеуі бүгінде жазасының үштен бірін өтеп қойған. Сондықтан вайнерлер негізгі жазаны айыппұлға ауыстыру туралы өтініш түсірген.

Ал ел заңнамасында мұндай мүмкіндік қарастырылған, бірақ бірнеше шарты бар:

Сотталушы жазасын өтеп жатқан мекемеден жақсы мінездеме алуы керек;

Тәрбие және спорттық іс-шараларға қатысуы қажет;

Ең маңыздысы – сот белгілеген шығынды өтеуге тиіс.

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа мінез-құлықтың бірінші оң дәрежесі берілген. Егер олар «Mudarabah Capital» клиенттеріне келтірілген шығындарын өтесе, бостандыққа шығуға толық мүмкіндіктері бар. Сот олардың өтінішін келесі аптада қарамақ.

Айта кетейік, былтыр 23 маусымда Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс бойынша бірнеше адамды соттаған еді. Сотта 12 адам жауапқа тартылып, олардың қатарында Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов та болды. Екі вайнер де Қылмыстық кодекстің 217-бабы («Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару») бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсы 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Басқа фигуранттар 262-бап («Ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару, сондай-ақ оларда қатысу») бойынша сотталып, түрлі мерзімге қамалды.

Фото: qaz365.kz

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды