Қаржы пирамидасы үшін сотталған Мейіржан Төребаев бостандыққа шықпайтын болды

Төребаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қолдау таппады

Сабина Асқарқызы

  • 26.12.2024

Алматыда вайнер Мейіржан Төребаевқа тағайындалған жазаны жеңілдету туралы өтініш Түрксіб аудандық сотында қаралып, қанағаттандырылмады, деп хабарлайды Malim.kz.

24 желтоқсанда өткен сот отырысында Алматыдағы түзету мекемесінің өкілі Төребаевтың колонияда бірінші дәрежелі теріс мінездеме алғанын мәлімдеді.

Сот шешімі бойынша, Төребаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қолдау таппады.

"Тәрбиелік кеңес сотталушының өтінішін қолдау орынсыз деген шешімге келген. Соттың пікірінше, сотталған азамат түзеу мекемесінде жазасын әрі қарай өтеуі тиіс. Осыған байланысты өтініш қанағаттандырылған жоқ", – деп Түрксіб аудандық сотының судьясы А. Қарашева үкімді оқыды.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 23 маусымда Алматы қаласы Алмалы аудандық соты Мейіржан Төребаевты ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (Қаржылық пирамида құру және басқару) бойынша кінәлі деп тауып, 5 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Іс бойынша азаматтық талаптың жалпы сомасы 814 120 806 теңге, ал сот шығындары 8 060 602 теңгені құраған.

Сот отырысында Төребаевтың келтірілген залалды өтемегені де анықталды. Бұл жайт жазаны жеңілдету өтінішін қарастыру барысында негізгі критерийлердің бірі екені белгілі.

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды