Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жарты жыл бұрын босанған Ерке Есмахан салмағы қанша екенін айтты

Шоу-бизнес
Жарты жыл бұрын босанған Ерке Есмахан салмағы қанша екенін айтты

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан Instagram-да өзінің салмағы қанша екенін және алдағы уақытта тағы бала босануға қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Бұл махаббат» хитінің 39 жастағы орындаушысы сәбилі болған соң араға жарты жыл салып қалыпқа келіп, бұрынғы салмағына оралғанын мәлімдеді. Әншінің салмағы қазір 54 келіні құрайды екен.

Аяғым ауыр кезде де терім созылып, денем салбырап қалған жоқ. Сондықтан тез қалыпқа келдім. Одан қалды тамақты аздау жеп, өзімді күтіп, бұрынғы қалпыма оралдым, - дейді өнер иесі.

Оқырманының бірі Еркеден тағы да бала босану туралы сұраған. Әнші қыз баланың анасы атанғысы келетінін жасырмады.

Екі ұлдан соң Құдайдан қыз тілеп жүрміз. Алланың бұйыртқанын туа беремін. Ең бастысы, дені сау болсын. Исламок ембейді, ол жігіт болып қалды. Қарындасына жол берді, - деп жауап берді әнші.

Фото: instagram.com/erke_esmahan

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу