Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сирияда мемлекеттік қызметкерлердің айлығы 400%-ға өседі

Әлем
Сирияда мемлекеттік қызметкерлердің айлығы 400%-ға өседі

Сирияның қаржы министрі Мохаммед Абазид Сирияның уақытша үкіметі ақпан айынан бастап «көптеген мемлекеттік сектор қызметкерлерінің жалақысын 400%-ға көтеруді» жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Arab news басылымының мәліметі бойынша, мұндай шешім 13 жылға созылған қақтығыстар мен санкциялардан кейін экономиканы тұрақтандыру шаралары аясында қабылданды.

Саясаткердің айтуынша, Башар Асадтың президенттігі кезінде Сирияның мемлекеттік сектордағы қызметкерлерінің жалақысы айына шамамен 25 долларды құраған, бұл оларды ел халқының басым бөлігі сияқты кедейлік шегіне жіберді.

Портал мәліметтері бойынша, жалақыны көтеру Сирия бюджетіне 125 миллион доллар (немесе 1,65 трлн Сирия фунты) шығын әкеледі. Қаражат негізінен аймақтық көмек, жаңа инвестициялар, шетелдегі мемлекеттік активтерді қайтару әрекеттері (олардың жиынтық көлемі 400 миллион долларға дейін), сондай-ақ Дамасктің бақылауында қалған ресурстар есебінен алынады.

Сирияда барлығы 1,3 миллионға жуық шенеунік бар.

Фото: interaffairs.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу