Ғылым және жоғары білім министрлігі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу және мөлшерлемелері қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлады. Жаңа оқу жылынан бастап студенттер келесі ретпен шәкіртақы ала алады:
- жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге – 36 660 теңге (қазір 31 423 теңге);
- педагогикалық бағытта білім алатын студенттерге – 58 800 теңге (қазір 50 400 теңге);
- «Денсаулық сақтау» оқу бағыты бойынша оқитын студенттерге – 58 800 теңге (қазір 50 400 теңге);
- интерндер – 61 660 теңге (қазір 59 289 теңге);
- магистранттарға – 86 987 теңге (76 950 теңге);
- Назарбаев Университетінде оқитын магистранттарға – 162 500 теңге (143 750 теңге);
- докторанттар – 195 000 теңге (172 500 теңге);
- «Денсаулық сақтау» оқыту бағыты бойынша докторанттарға – 195 000 теңге (172 500 теңге);
- «Денсаулық» оқыту бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 100 036 теңге (88 494 теңге);
Сонымен қатар, мемлекеттік стипендияларды төлеудің жаңа тәртібі әзірленді. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін шәкіртақыны кассир арқылы төлеу алынып тасталды. Олар банкте немесе «Қазпошта» АҚ-да шот ашқаннан кейін жүзеге асырылады.