28 панфиловшылар саябағының атын ауыстыру керек пе?

Олжас Қасым

  • 08.05.2020

Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына – 75 жыл. Бұл соғысқа сол кездегі әлемнің 73 мемлекеттің 62-сі қатысты. Еуропа, Азия мен Африка құрлығында майдан жүрді. 1,7 миллиард адам соғыс отына кіріп, 54 миллион адам опат болды. 90 миллион жауынгер жараланып, 28 миллион сарбаз мүгедек боп қалды. Ең көп шығынға совет әскері ұшырады. КСРО-ның 27 миллионнан астам офицері мен жауынгері жер жастанды. Қазақстанда тұратын 600 мыңнан астам азамат көз жұмса, оның 125 мыңы – қазақтар.

1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін одақ құрамында болған мемлекеттер бұл соғысқа әрқалай баға беріп жатыр. Бірі Ұлы Отан соғысы десе, енді бірі Екінші дүниежүзілік соғыс деп атайды. Қазақстан – Ресей Федерациясымен 9 мамырды үлкен салтанатпен атап өтетін елдердің бірі. 20 ғасырдағы ең ауыр соғысты Ұлы Отан соғысы деп біледі.

Майдан даласында болған әрбір ұрысқа қатысты да тарихи деректер ұсынылды. 2015 жылы Ресей мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының докторы Сергей МИРОНЕНКО 28 панфиловшылар ерлігін мифке теңеген еді. Және дәлел ретінде құжаттарды ұсынған.

«Мәскеу түбіндегі Дубасеково разъезінде болған шайқаста 50 неміс танкін жойған 28 панфиловшылар болған жоқ. «Шегінерге жер жоқ, артымызда –Мәскеу» деген ұран политрук Клочковтың аузынан шыққан емес. Бұл сөзді «Красная звезда» газетінің әдеби хатшысы Александр КРИВИЦКИЙ ойлап тапқан. Бұл шындықты 1948 жылы әскери прокуратура анықтаған. Алайда, дәлел құжаттарды құпияландырып тастады. Шынында да, шегінерге жер жоқ еді. Миф өмір сүріп жатыр еді», - деген еді орыс тарихшысы Сергей Мироненко.

Тарихшы, саясаттанушы Әзімбай ҒАЛИ бұл қоғамды айықтандыратын факті деп есептейді. Бұл жайлы БАҚ-тың бетінде жиі жазылып тұру керек деген пікірде. Және бұдан да өзге советтік мифтер жетіп артылады дейді.

 

«КСРО мистификация отаны болды ғой. Одан бері ұзақ уақыт өтті. Идеологиялық стереотиптер әшкереленеді. 28 панфиловшылар тырнақшаның ішінде ерлік жасады. Бұл ғана емес, басқа да оқиғалардың мистификация екені анықталды. Бұл ғылыми шындық деп емес әшкерелену керек. Батыл әшкерелеу керек. Және түсіндіру керек. Қазір миф маңызынан айырылып қалды. Бұл қоғамды айықтандырады. Сталин Еуропаны азат етуші емес, Гитлер екеуі кәрі құрлықты бөлісе алмаған диктатор болғаны да қазір баршаға аян», - дейді Әзімбай Ғали МӘЛІМ.КЗ сайтының тілшісіне.

1929 -1933 жылдары қазақтың жартысын қырып тастаған Сталин Гитлерден гөрі халқымызға қиянат жасады. Сондықтан советтік кезеңге тәуелсіз жаңа баға керек дейді тарихшы.

«Советтік кезеңге қатысты радикалды өзгерістер жасап жатқанымыз жоқ. Бірақ трансформация жүріп жатыр. Нақты әрі объективті жауап беру керек. Трансформация жүріп жатыр. Мәселен, совет символдарына Назарбаев қарсы болуы мүмкін. Әкесі соғыста болған Тоқаев басқаша қарауы мүмкін. Тарихи шындық көптеген оқиғаларға қатысты болуы керек. Коммунистік режимнің фашистік режиммен тең екені ашық айтылуы тиіс. Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағының атын ауыстыру керек деп ойлаймын. Ғылыми шындық керек. Бір шындық айтылмаса, келесі шындық ашылмай қалады», - дейді Әзімбай Ғали.

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында орыс тарихшысы Мироненконың сөзінің алдан шығуы кездейсоқ емес. Бұл Батыстың КСРО-ға қарсы идеологиялық соғысының бітпегенін көрсетеді. Олардың мақсаты тарихты бұрмалау дейді әскери ғылымдары докторы, профессор, полковник Ким СЕРІКБАЕВ.

«28 панфиловшылар ерлігін ата-бабалары репрессияға ұшырағандар жоққа шығаруға бейім. Осылай КСРО-дан өш алғысы келеді. Өкінішке қарай, бізде Батыс идеологиясын қолдайтын тарихшылар мен журналистер бар. Шыңғыс АЙТМАТОВ «Ғасырдан да ұзақ түн» шығармасында мәңгүрттік туралы жазады. Бұл – жастарды мәңгүрттендіру», - дейді полковник Ким Серікбаев.

Сондай-ақ полковник Серікбаев бұл шейіт болған сарбаздар әруағының алдында қиянат дейді.

«28 панфиловшылардың ерлік жасағаны айдан анық. Отан соғысының қаһармандары ерлігін төмендету үшін, совет саясатын төмендету үшін аузына келгенін айтатындар бар. Қазақстанда жасақталған Панфилов дивизиясы көптеген ерлік жасаған. Ол жайлы Александр БЕК «Волоколамск тас жолы» шығармасында жазды. 28 панфиловшылардың ерлігіне Совет Одағының батырлары Бауыржан МОМЫШҰЛЫ мен Мәлік ҒАБДУЛЛИН куә. Солардың жоқтығын пайдаланып жатыр. Бұл адамдыққа да, мұсылмандыққа да жат. Әруақтар алдына күнә», - дейді Ким Серікбаев МӘЛІМ.КЗ тілшісіне.

Алматыдағы Гоголь мен Пушкин қиылысындағы саябақ 1942 жылдан бастап 28 панфиловшылар атына берілді. Саябақ атын ауыстыру туралы ұсыныстар қоғам өкілдері тарапынан бұрын да жасалған. Мәселен, тарихшы Г. КӨКЕБАЕВА патшалық Ресейге қарсы азаттық үшін күрескен Кенесары хан атын беруді ұсынған еді.

Басты фото: memory-map.prosv.ru

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық ардагерлер басқа елдерге қарағанда анағұрлым көп көмек алады

06.05.2024

Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүреді

15.03.2024

Боқтампаз армия: Путин Сталиннің әрекетін қайталай ма?

27.09.2022

«Әйелдерді көп дейді»: Елімізде әйелдер саны азайып барады

25.04.2022

Мамин мектептерді ашпақшы. Қауіп жоқ па?

11.08.2021

Болат Атабаевпен екінші сұхбат

09.07.2021
MalimBlocks
Қазақстандық ардагерлер басқа елдерге қарағанда анағұрлым көп көмек алады

Елімізде 148 ардагер тұрады.

Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Қазіргі уақытта тек екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен 1, 2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар тегін жүреді.

Боқтампаз армия: Путин Сталиннің әрекетін қайталай ма?

Неміс әскері Совет әскерінің тау болып үйілген өлігінен өте алмай қалған... Сталин үшін қару-жарақ мәселесі болмаса, адам жетіспеушілігі онша бір бас ауыртатын проблема болмаған. Путин үшін бұл екі жетіспеушілік те үлкен проблема болатын түрі бар.

«Әйелдерді көп дейді»: Елімізде әйелдер саны азайып барады

Әзімбай Ғали, саясаттанушы, демограф: Бұл әлеуметтік жағдай мен медицинаға байланысты

Мамин мектептерді ашпақшы. Қауіп жоқ па?

Болат Атабаевпен екінші сұхбат