Әділдік пен демократия –  ел болашағының бастауы

Ел тұрғыны ретінде мені мемлекеттің болашағы алаңдатады. Қоғам дамуы үшін мықты заңдар керек. Заң заман талабына сай жетіліп отырады. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде референдум өткізілді.

Malim Админ

  • 12.07.2023

 2022 жылғы 5 маусымда өткен референдумда Түркістан облысы сайлаушыларының 80,66 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді. Референдумға Түркістан обылысының халқы өз қалауы бойынша қатысты, дауыс беруде белсенділік танытып, басқа облыстарға қарағанда көштің басында тұрды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев телеарналарға сұхбаттар беріп, Үндеу де жасады. Халықпен кері байланыс орнатудың нақты қадамдарына барды. Барлық ұсыныстар мен пікірлерді електен өткізіп барып, Жолдауын жариялады. Бұл Жолдаудың бағыты –  барлық салада қоғамның бүкіл санаттарының тепе-теңдігін сақтай отырып, саяси, құқықтық жүйеде әділетті реформа жасау. Мемлекет басшысының айтқысы келгені мемлекет пен қоғамның арасындағы байланысты жақсарту, қоғамның үнін билікке жеткізіп, елімізде заңның үстемдігін қамтамасыз ету арқылы сайлау жүйесіне өзгеріс ендіру. Қазақстанда адам құқықтарын қорғау мақсатында саяси жүйе де жаңғыратын болады деген тұжырымды елге жеткізгені. Осы уақытқа дейін 1995 жылғы Ата заңымыз бүкілхалықтық референдум арқылы дүниеге келсе, содан бері уақыт талабына сәйкес, Ата заңымыздың 64 бабына қатысты, 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 жылдарда бес рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліпті. Қолданыстағы Конституциямыздың 33 бабына өзгеріс енгізілуі туралы мәселе өте ауқымды болғанын ескере отырып, Мемлекет Басшысы Республикалық Референдум туралы заңның 18 бабына сәйкес, референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.     Республикалық референдум туралы заң IV-тараудан, 37 баптан тұрады. Конституциялық реформалар стратегиялық болғандықтан халықтың қолдауы аса қажет. Референдум дауыс берудің ең демократиялық түрі әрі тікелей халықтың еркін білдіреді, ел пікірімен санасудың ең жоғарғы сатысы. Түркістанда жұртшылыққа Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары мен мән-маңызын түсіндірілді. Елдің бірлігі үшін,тыныш тірлігі үшін саяси жүйедегі өзгеістерді таразылап жеті рет өлшеп бір рет кескен демекші референдум арқылы қоғамның барлық санаттарымен санасу, пікір алмасу демократияны көрсетеді. Референдум ашықтықтың, демократияның, саяси теңдікке жетудің ең биік сатысы бола алды. Президенттің айтуынша, Парламент жан-жақты зерделеп қабылдаған әрбір заңнамалық бастаманың гуманистік және құқық қорғау бағыттары айқын. 

Айта кетерлігі, референдуммен бірге еліміздегі сайлау жүйесі де оң бағаға ие болуда. Ел айқын өзгерістерді сезінуде. Мемлекет басшысы Парламенттің ықпалын арттыра отырып, оларға нақты міндеттер жүктеді. Қазақстан Республикасының VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында саяси реформаларға, алдағы жұмыстарға тоқталды.

«Баршаңызды жаңадан сайланған Парламенттің алғашқы сессиясының ашылуымен құттықтаймын! Сайлауда жеңіске жетіп, депутат атанған азаматтардың қызметіне табыс тілеймін! Сіздер мемлекетімізді дамыту және ел мүддесін қорғау ісіне үлес қосасыздар деп сенемін. Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды. Реформаларымыз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделді. Бұл қағида – мемлекетіміздің басты тірегі. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірістік. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілді. Оның бәрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Қаншалықты күрделі болса да, біз еліміз үшін өте қажет жолды қысқа мерзім ішінде жүріп өттік. Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанына жұрттың көзі жетті. Кешегі сайлауда партиялармен қатар көптеген азаматымыз бір мандатты округтен өзін-өзі ұсынды. Осылайша, халқымыз маңызды өзгеріске өз үлесін қосуға дайын екенін дәлелдеді. Елімізде жаңа азаматтық, саяси мәдениет қалыптасып жатыр. Мен сайлауға белсене қатысқан барша азаматқа алғыс айтамын. Бұл науқан, шын мәнінде, бұрынғыдан ерекше, өзгеше болды. Сайлау науқаны шынайы бәсеке жағдайында, ашық өтті. Үгіт-насихат кезеңін және дауыс беру барысын ақпарат құралдары жан-жақты көрсетті. Партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді. Мұны отандық және шетелдік байқаушылар да айтып отыр. Қандай да бір саяси ұйымға артықшылық берілген жоқ. Президент ешбір партияның мүшесі емес. Облыс әкімдері партия бөлімшелеріне жетекшілік етпейді. Жоғары лауазымды қызметкерлер партия тізімінде болған жоқ. Яғни, барлық партиялар сайлауға бірдей жағдайда қатысты. Сайлаушылар да, үміткерлер де айрықша белсенді болды. Саяси партиялар әр аймақта ел назарын өзіне аудару үшін тартысқа түсті. Бірнеше рет тікелей эфирде партиялар арасында қызу және тиімді пікірталас болды. Бұл – демократиялық қоғам үшін қалыпты үрдіс. Мұның бәрі Қазақстанда ашық азаматтық қоғамның нығайып келе жатқанын көрсетті. Сайлау науқаны кезінде көптеген орынды сын, байыпты ұсыныс айтылды. Біз айтылған салмақты ұсыныстарды міндетті түрде зерделейміз. Бәсеке жоғары болғандықтан, сайлау нәтижесін алдын-ала болжау мүмкін емес болды. Оның қорытындысы еліміздің нағыз көппартиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадам жасағанын көрсетті. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, Мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді деп есептеймін. Алғаш рет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Біз осының бәріне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жеткіздік. Партияларды тіркеу мәселесін реттейтін заңнаманың өзгеруі де бұған септігін тигізді. Енді партиялар еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қасында жүретін болады. Мәжіліске бір мандатты округтен де депутаттар сайланды. Яғни, Парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылды. Сондай-ақ ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды. Бірқатар азамат партия атынан шыққан үміткерлерді тартысты бәсекеде жеңіп шықты. Осылайша, елімізде демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтеріліп, нығая түсті. Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты. Еліміздің жастары әрдайым менің айрықша назарымда екені баршаға мәлім. Мен билікке ойы озық, білімді жастар келуі керек деп үнемі айтамын. Өскелең ұрпақты ел ісіне баулу – өте маңызды мәселе. Олар қоғамға жаңа құндылықтар әкелуге тиіс. Сайлау кезінде жас кандидаттар бірігіп, өз тобын құрғаны белгілі. Осы одақтың белсенді мүшелері Парламентке және мәслихаттарға өтті. Осылайша, өкілді билік тармағына саясаткерлердің жаңа буыны келіп жатыр. Жастар мұны елімізді дамытуға берілген бірегей мүмкіндік деп бағалауы қажет. Сондай-ақ әйелдердің және ерекше қажеттілігі бар жандардың Мәжіліске өтуіне жағдай жасалды. Саяси науқан қоғамдағы әрбір азамат Парламентке мүше бола алатынын және «әлеуметтік лифт» жұмыс істейтінін айқын аңғартты. Әділетті қоғамның қалыптасуы дегеніміз – осы!», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгінде ел Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси реформалары мен Жолдауларына қолдау білдіріп келеді. Осы ретте өзім қызмет етіп жүрген салаға тоқтала кетейін. Кітапхана еліміздің  ұлттық  рухани азығы болғандықтан беделі жоғары, қоры бай кітапханалар қатары көбейіп келеді. Жастарымызды кітап оқуға тарту мақсатында түрлі инновациялық іс-шаралар ұйымдастырып, кітап қорымызды насихаттап, сақтап, келер ұрпаққа табыс ету кітапханашылардың қасиетті борышы деген қасиетті қағидамен жұмыс істеп, кітап оқу мәдениетін қалыптастырып келеміз. Бұл Жаңа Қазақстан құрудағы үлесіміз деп ойлаймын.

«Біз қоғамдық және жеке құндылықтар  жүйесін түбірімен жаңғырта білуіміз керек. Сонда ғана барлық салада түбегейлі өзгеріс жасай аламыз. Жаңа Қазақстанның ең басты байлығы – халық. Ал ең негізгі мақсаты – азаматтардың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету. Біз қоғамның барлық өкілдерінің талап – тілектеріне жауап беретін озық мемлекет құруымыз керек. Басқару жүйесінің тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшенетін болады. Мемлекеттік аппарат бизнеспен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен тығыз жұмыс істеуге баса назар аударуы тиіс. Сол арқылы ел мүддесіне сай тиімді шешімдер қабылданып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жақсара түседі», деді Президент.

Елдегі саяси реформалар толық жүзеге асса, елдің әлеуеті көтеріледі деген сенім мол. Ең бастысы, бірлік пен тұрақтылық керек.

 А.Әділбекова,

Арыс қалалық кітапханасының директоры                          

Байланысты жаналықтар

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024
MalimBlocks
Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.