freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда жалған мектеп ашқан құрылтайшы 6 жылға сотталды

Қоғам
Атырауда жалған мектеп ашқан құрылтайшы 6 жылға сотталды
Фото: ІІМ

Атырауда мектеп құрылтайшысы алаяқтық үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау қаласының №2 қалалық соты Lets School мектебінің құрылтайшысына қатысты үкім шығарды. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылып, сондай-ақ алты жыл бойы коммерциялық және қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды.

Бас прокуратура мәліметінше, сотталған азамат жалған білім беру ұйымын құрып, қала тұрғындарын жаңылыстырған. Ұсынылған қызметтер жарияланған шарттар мен міндеттемелерге сәйкес келмеген.

Соның салдарынан жәбірленушілерге жалпы көлемі 120 миллион теңге болатын аса ірі материалдық шығын келтірілген. Бұл қаражат толық көлемде өндіріліп алынады.

Прокуратура білім беру мекемелерімен келісімшарт жасамас бұрын олардың құқықтық мәртебесін, лицензиясының бар-жоғын және басқа да рұқсат құжаттарын міндетті түрде тексеру қажет екенін еске салды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу