Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ресейдегі Новороссийск акваториясында «Maran Homer» танкеріне қатысты болған оқиғаға байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Министрліктің мәліметінше, оқиға кезінде аталған танкер бортында Қазақстан Республикасына тиесілі мұнай болмаған. Осыған байланысты еліміздің экспорттық мұнайына қатысты ешқандай шығын тіркелмеген.
Ведомство жағдайға байланысты қазақстандық мұнай жеткізілімдеріне қауіп төнбегенін атап өтті.
Еске салайық, Украина 2 наурызға қараған түні Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы Новороссийск айлағындағы “Шесхарис” мұнай терминалына дрондармен соққы берген еді.