freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БАҚ: Нетаньяху Зеленскиймен иран дрондарынан қорғаныс мәселесін талқылағысы келеді

Әлем
БАҚ: Нетаньяху Зеленскиймен иран дрондарынан қорғаныс мәселесін талқылағысы келеді
Фото: Benjamin Netanyahu / X

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөз жүргізу туралы сұраныс жолдады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Израиль Украинада ирандық ұшқышсыз ұшу аппараттарын тосқауылдау тәжірибесі мол екенін ескеріп, осы бағытта ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытып отыр.

Украинаның Израильдегі елшісі Евгений Корнийчук бұл ақпаратты растады. Оның айтуынша, екі ел басшыларының жұмыс кестесі тығыз болғандықтан, телефон арқылы сөйлесу әлі болған жоқ. Дегенмен ол әңгіме келесі аптаның басында өтеді деп үміттенетінін айтты.

Бұған дейін Иран билігі Израильге дрондар саласында қолдау көрсеткені үшін Украинаны «заңды нысана» деп атаған.

Владимир Зеленскийдің айтуынша, Таяу Шығыс елдері Украинадан ирандық «Шахед» ұшқышсыз ұшу аппараттарын тосқауылдау тәжірибесімен бөлісуді сұраған. Сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының өтінішімен украиналық дрон-ұстағыштар Иордания аумағына жіберілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу