"Әкім Әбдіқалықова, жанайқайымызды тыңдаңыз!"

Төрт айдан бері тегін жұмыс істеп келе жатқан Қызылордадағы туберкулезге қарсы балалар шипажайының қызметкерлері бүгін облыс әкімдігіне базыналарын айтып келді. Бірақ тағы да облыс басшысына Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВАҒА жолыға алмай кетті.
Әкімдікке келген ондаған шипажай қызметкерлері мекемелерінің жабылмауын және айлықтарын төлеуді талап етеді. Бұған дейін де мұғалімдер мен медицина қызметкерлері Гүлшара Әбдіқалықовадан көмек сұраған еді. Бір рет болса да, өзі шығып мұңымызды тыңдамады деп күйінеді әкімдік алдына жиналғандар. Өйткені денсаулық сақтау басқармасының уәдесіне әбден тойдық дейді шипажай қызметкерлері.
« Гүлшара Әбдіқалықова, халықтың жанайқайын тыңдасаңыздаршы! 100 адам жұмыссыз далада қалды. Біздің мекемемізді бұрынғыдай орынына қалыптастырып, бұрынғыдай жұмыс жасағымыз келеді», - деді тәрбиеші Айжан СМАЙЛОВА.
Әкімдік ғимаратына келу үшін соңғы ақшамызды жолақыға жұмсадық деген мұғалімдер мен медицина қызметкерлері мәселе шешілмей қайтпаймыз деп тұрып алды. Сондықтан болар жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы қабылдады. Басшылардың айтуынша қаражаттың жоқтығынан шипажайды бір ай көлемінде туберкулезге қарсы диспансерге қоспақшы. Ал қысқарған қызметкерлерге жұмыс орындары дайын дейді.
«Қазір бірінші мәселе қызметкерлердің қарызынан құтылу. Соның жолдарын қарастырып отырмыз. Бюджеттен соны төлейміз сосын диспансерге қосу мәселесін қарастырамыз», - Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит ПАЗЫЛОВ.
Облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санатория балалар ұзақ уақыт емделетін болған соң мұғалімдер сабақ береді. Осы уақытқа дейін Міндетті мемлекеттік сақтандыру қорынан қаржыландырылған екен. Наразы жұрттың айтуынша, шипажай қызметкерлеріне 30 млн теңге қарыз.
Фотолар автордікі.
МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.