freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Halyk Bank үш бірдей халықаралық марапатқа ие болды

Оқиға
Halyk Bank үш бірдей халықаралық марапатқа ие болды
Halyk Bank-тің баспасөз қызметі

Жарты жылдың ішінде британдық және азиялық іскер басылымдарының әрқайсысы бір қазақстандық банкті ең үздік бөлшек банк деп атады. Дубайда орналасқан үшінші басылым оны бизнес үшін ең үздік банк ретінде атап өтті. Осы пікірлер түйісуінің артында не тұрғаны мен оның Қазақстан банк саласы туралы не айтатыны туралы айтып берейік. 

Бизнес саласында айтылмаған ереже бар: бір ғана марапат банк туралы айтса, бірнешесі – банк жұмыс істейтін нарық туралы көп нәрсе аңғартады. 

Демек, банк бірден үш жүлдеге ие болуы кездейсоқтық емес: әртүрлі елдегі қазылар алқасы бір-бірімен кеңеспей, әрқайсысы өз әдістемесі бойынша бағалап, бірдей қорытындыға келгенін білдіреді.

Әлемнің әр түкпіріндегі қазылар алқасы Halyk-ты дәл осылай бағалады. Соңғы айларда халықаралық іскер басылымдар берген үш марапаттың екеуі бір санатқа тиесілі болды. Атап өтетін болсақ, Ұлыбританияның Global Banking & Finance Review және World Business Outlook басылымдары Halyk-ты бір-бірінен тәуелсіз түрде Қазақстандағы 2026 жылдың ең үздік бөлшек банкi деп таныды. Дубайда орналасқан International Business Magazine банкті елдегі шағын және орта бизнес үшін ең үздік банк деп атады.

Шетел сарапшылары Halyk-ты неге таңдады

Бөлшек банкинг марапаттары көлем үшін емес, банк адамдардың күнделікті өміріне қаншалықты кіріккені мен қаржы құралдарын қаншалықты ыңғайлы ететіні үшін беріледі. 

Бүгінде Halyk SuperApp қосымшасын ай сайын 8,5 миллион белсенді пайдаланушы қолданады. Яғни, банк қосымшасы миллиондаған қазақстандықтың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.

Елдегі жұмыспен қамтылған халықтың едәуір бөлігі Halyk-тің жалақы карталарын пайдаланады. Ал жеке тұлғалардың депозиттері көлемі бойынша банк Қазақстандағы ең ірі портфельге ие. Клиенттердің көп бөлігі жаңа депозит пен тұтынышулық несиесін банк бөлімшесіне бармай-ақ ашып жатады. 

Халықаралық қазылар алқасы үшін бұл бір нәрсені білдіреді: банк жай ғана үлкен емес, технологиялық тұрғыдан жетілген және шын мәнінде көпшілікке арналған. Әртүрлі әдістемелерге сүйенген екі тәуелсіз қазылар алқасы бірдей қорытындыға келді.

Бизнес не ұтады?

International Business Magazine берген марапат Halyk-тің кәсіпкерлермен жұмысының тағы бір маңызды қырын көрсетеді. Бұл бағыттағы нәтижелердің өзі көп жайтты аңғартады: бір жылдың ішінде банктің шағын және орта бизнеске берген несиелер портфелі төрттен бірінен астамға өсті, ал несиелердің басым бөлігі толықтай цифрлық форматта рәсімделеді. Сонымен қатар Halyk заңды тұлғаларды несиелеу нарығының шамамен жартысын иеленіп, елдегі ең ірі салық төлеушілердің басым бөлігінің төлемдеріне қызмет көрсетеді.

«Шағын және орта бизнес үшін ең үздік банк деген атақтың артында нақты нәтижелер тұр: цифрлық сервистер, онлайн-несиелеу және еліміздің түкпір-түкпіріндегі кәсіпкерлер күн сайын пайдаланатын инфрақұрылым. Біз бизнеске арналған өнімдер қағидатынан бас тартып, кәсіпкерлердің өз ісін дамытуына барынша қолайлы экожүйе қалыптастыруға ден қойдық», – дейді Halyk Bank заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді цифрлық несиелеу жөніндегі басқарушы директоры Альфия Жексенбай.

Үш халықаралық марапат, шын мәнінде, банктің екі негізгі артықшылығының түрлі қырынан мойындалғанын білдіреді: жаппай бөлшек банкингтегі көшбасшылық және кәсіпкерлермен жүйелі жұмыс.

Бұл марапаттар Қазақстан үшін неліктен маңызды?

Бұл марапаттардың ең қызықты тұсы – Halyk-тің қандай компанияның қатарынан орын алғанында. Әртүрлі жылдары Global Banking & Finance Awards сыйлығының лауреаттары қатарында HSBC, Standard Chartered, DBS Bank және Bank of America болды. Ал International Business Magazine басылымының 2026 жылғы марапаттарына National Bank of Egypt, Attijariwafa Bank және Standard Chartered ие болды.

Яғни қазақ банкы Еуропа, Азия және Таяу Шығыстың жетекші қаржы институттарымен бірдей өлшемдер бойынша бағаланып, сол талаптарға толық сай келіп отыр.

Мұның өзі – ең маңызды белгі. Лондон, Дубай және Азиядағы тәуелсіз сарапшылар алқасы Қазақстандағы бір банктің қызметіне бірдей жоғары баға берсе, бұл енді жекелеген компанияның жетістігі ғана емес. Бұл – Орталық Азияның қаржы секторы халықаралық деңгейге көтеріліп, әлемдік қауымдастық тарапынан өңірлік ерекшелікке жеңілдік жасалмай-ақ мойындала бастағанының дәлелі.

Анықтама

Global Banking & Finance Awards® – 2011 жылдан бері қаржы институттарының инновациялар мен саланы дамытудағы жетістіктерін бағалайтын британдық Global Banking & Finance Review басылымының халықаралық сыйлығы.

International Business Magazine – штаб-пәтері Дубайда орналасқан іскерлік басылым. Ол жыл сайын Африка, Америка, Азия, Еуропа және Таяу Шығыстағы компаниялар мен қаржы институттарының жетістіктерін атап өтеді.

Halyk – 2025 жылдың қорытындысы бойынша активтері 21 триллион теңгеден, ал таза пайдасы 1 058 миллиард теңгеден асқан Қазақстандағы ең ірі банк. Банк цифрлық арналар мен 530-дан астам бөлімшеден тұратын желі арқылы елдегі ең ірі клиенттік базалардың біріне қызмет көрсетеді. Сонымен қатар Грузия мен Өзбекстанда да жұмыс істейді. Halyk-тің Moody's (Baa1), Fitch (BBB-) және S&P (BBB-) агенттіктерінің инвестициялық рейтингтері бар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу