freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте колледждерден 1 млрд теңге жымқырғандарға үкім шықты

Қоғам
Шымкентте колледждерден 1 млрд теңге жымқырғандарға үкім шықты
Фото: pixabay

Шымкент қаласында екі колледжде бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру ісі бойынша сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеу мәліметінше, қылмыстық схема 2018-2025 жылдар аралығында жұмыс істеген. Айыпталушылар мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жалған студенттерді рәсімдеп, құжаттарды қолдан жасап, білім беру жүйесінің ақпараттық базасына жалған мәліметтер енгізген.

Осының салдарынан мемлекетке 1,35 миллиард теңге көлемінде залал келген.

Сот басты айыпталушыны мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Қалған сотталушылар 4 жылдан 6,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу