freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев: Қазақстан толық ядролық отын циклін қалыптастыруға басымдық береді

Саясат
Тоқаев: Қазақстан толық ядролық отын циклін қалыптастыруға басымдық береді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Cameco корпорациясының атқарушы директоры Тим Гитцельді қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим Гитцельмен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Cameco компаниясының «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамымен уран саласындағы 30 жылдық стратегиялық серіктестігінің нәтижесіне жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өнеркәсіпті жаңғырту және қосылған құны жоғары өндірісті дамыту бағытын дәйекті түрде іске асырып келе жатқанына тоқталды.

Президенттің айтуынша, ел ішінде толық ядролық отын циклін қалыптастыру басым бағыттардың бірі саналады.

Кездесуде атом саласындағы ықпалдастықты одан әрі ілгерілету, бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу