«Алтын Орда» базарының қожайыны табылды

Сауда министрлігі Алматыдағы «Алтын Орда» базарының иесі кім екенін айтты.
Министрлік хабарлауынша, базарға «KURYLYS LTD» ЖШС иелік етеді. Ал оның құрылтайшысы әрі жетекшісі — Болат Назарбаев, экс-президенттің інісі.
Жалпы базардың сауда аумағы 218 151 шаршы метр, тауар айналымы айына 147 млн теңге болады. Базарда 5050 сауда орны бар, оларды 45 440 адам жалға алады. Орташа жалға алу бағасы — 42 500 теңге.
Айта кетейік, 8 ақпан күнгі үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын Орда" базары мәселесіне тоқталып, Алматы қаласы мен маңындағы елді мекен тұрғындары көп пайдаланатын базарға "тәртіп" қажет екенін айтты.
Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдеріне үкіметпен бірлесіп, базарға тәртіп орнатуды тапсырамын. Бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз майшелпекке айналды. Бұған Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде анық көз жеткіздік. Бұл басқа өңірлерге де қатысты мәселе. Қажет болса, бұл жұмысқа құқық қорғау орган өкілдері атсалыссын. Екі ай уақыт беремін, – деді Тоқаев.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Ананың мұңы: Тісін жұлып, тілін шайнап, тырнақтарын жеп қояды
Степногорск қаласының тұрғыны, 26 жастағы Сара Нұрмағамбетова Malim.kz тілшісіне мұңын шақты. Жалғызбасты жас ана екі жыл бұрын баласы емі жоқ дертпен туылғанын білген. Төрт жасар Нұрәли тісін жұлып, тілін шайнап, тырнақтарын да жеп қояды. Дәрігерлер атау бере алмаған дерттің ғылымда «Туа біткен ауыруды сезбеушілік» деп аталатынын Сара ғаламтордан білген.