«AMANAT» партиясы жанынан көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды

«Ашық партия» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында бүгін «AMANAT» Орталық аппаратында көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды. Онда тұрақты түрде брифингтер, баспасөз конференциялары және медиа саласының өкілдерімен түрлі форматтағы кездесулер өтеді.

Malim Админ

  • 19.04.2022

«AMANAT» жанындағы баспасөз орталығы партияның халықпен кері байланысының, партиялықтардың ашықтығы мен жариялылығын арттырып, сондай-ақ БАҚ-пен жұмыс істеуде жаңа тәсілдерді енгізудің тиімді құралдарының бірі болмақ.

«1 наурызда өткен кезектен тыс Съезде «AMANAT» Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партияны жаңғырту, оның ішінде сайлаушылармен кері байланысты күшейтуге және партиялықтардың қоғаммен ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысты негізгі міндеттерді атап өтті. Сайлауалды бағдарламаның орындалуы, депутаттық фракцияның жұмысы және партиялық жобалардың іске асырылуы туралы жедел ақпарат беру мақсатында бүгін көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды. Бұл – партия қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жолындағы қадамдардың бірі», деп атап өтті «AMANAT» партиясының хатшысы Ринат Кертаев.

Сондай-ақ, баспасөз конференциялары партияның әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында онлайн режімде көрсетіледі. Баспасөз орталығы журналистер мен спикерлерге ыңғайлы болу үшін қажетті мультимедиа жабдығымен жабдықталған. «AMANAT» партиясы жанындағы баспасөз орталығының жетекшісі болып Қымбат Қали тағайындалды.

«Баспасөз орталығы партияның күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ақпаратты талқылау және тарату орнына айналуы тиіс. Дәстүрлі баспасөз конференцияларынан бөлек, іскерлік әрі бейресми жағдайда түрлі кездесулер ұйымдастыру үшін диалог алаңын ұсынамыз», деді Қымбат Қали.

Баспасөз мәслихатының негізгі тақырыптары «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының заң шығару бастамалары, қоғамдық кеңестер мен Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметі, партиялық жобаларды іске асыру және сайлауалды бағдарламаны орындау болады деп жоспарланып отыр.

Байланысты жаналықтар

Нұрсұлтан Байтілесов Мәжіліс депутаты атанды

06.03.2024

Бездумные покупки казахстанцев в кредит возмутили депутатов

20.10.2023

«Аманат» мүшесі әкім сайлауы әділ өтетініне сенбейді

02.10.2023

Орал қаласында балабақша көбейеді

22.02.2023

«AMANAT»: Республикалық қоғамдық штаб мүшелері түркістандық шаруалармен кездесті

20.02.2023

Мәди Ахметов сабағы: Қазақ еліне + 50 су жорға депутат

06.12.2022
MalimBlocks
Нұрсұлтан Байтілесов Мәжіліс депутаты атанды

Бездумные покупки казахстанцев в кредит возмутили депутатов

Депутаты мажилиса, никогда не способные посеять интригу, в пятницу, 20 октября, все же обещали устроить разбор полетов правительству. Никаких личных или официальных обещаний, конечно не было. Надеяться на встряску для чиновников позволяла лишь тема предстоящих парламентских слушаний «О снижении закредитованности населения и повышении финансовой грамотности».

«Аманат» мүшесі әкім сайлауы әділ өтетініне сенбейді

Алдағы айда өтетін аудан әкімдері сайлауы «Аманат» партиясының берекесін кетіретіндей. Неге десеңіз, қазірдің өзінде «Аманат» партиясының мүшелері сайлаудың әділ болмағына күмән келтіріп жатыр. Жалпы, билік партиясының өкілдері бұрын-соңды сайлауға келгенде әділетсіздік көрмейтін.

Орал қаласында балабақша көбейеді

Үміткерлер бұл жолы жиын өткізбей, әрбір бутикті аралап, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

«AMANAT»: Республикалық қоғамдық штаб мүшелері түркістандық шаруалармен кездесті

«АMANAT» партиясының республикалық сайлауалды штабы Түркістан облысына келді.

Мәди Ахметов сабағы: Қазақ еліне + 50 су жорға депутат

«Аманат» деген партияның саяси менеджмент атты академиясы (!) бар екен. Сол академияның ішінен  «Жас саясаткер мектебін» ашылыпты