«AMANAT»: Республикалық қоғамдық штаб мүшелері түркістандық шаруалармен кездесті

«АMANAT» партиясының республикалық сайлауалды штабы Түркістан облысына келді.

  • 20.02.2023

Штаб мүшелері 3 топқа бөлініп, партияның бағдарламасын таныстыру мақсатында елді мекендері аралауды бастады.  Ұласбек Сәдібеков, Есен Елеукен, Мақсат Толықбай, Максим Рожин бастаған топ Түркістан облысы, Сауран ауданындағы Жаңа Иқан елді мекеніне барып, «Али-Нұр» жылыжай кешенінде жергілікті шаруалармен кездесті.

Жүздесуде саурандық шаруалар көмірдің тапшылығы мен экспортпен келетін азық-түліктің көптеп келуі жергілікті шаруаларды шығынға батыратынын жеткізді. Өз кезегінде штаб мүшесі Мақсат Толықбай ауыл шаруашылығы саласын өркендету жолында партияның бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ, кездесуде жайылым жердің көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін субсидияны алудың ашықтығы, шаруаларға арналған мемлекеттік қолдауларды көбейту жайы – партияның басты ұстанымдарының бірі екендігі айтылды.

Сондай-ақ, штаб өкілдері елімізде еңбек адамдарының мәртебесі мен табысын арттыруға ерекше көңіл бөлініп жатқанын, тиісінше «Amanat» партиясы да бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруға айрықша мән беретінін атап өтіп, азаматтарды «Amanat» партиясына дауыс беруге шақырды.

Сапар Түркістан қаласындағы «Эко базар» аумағындағы такси мен қоғамдық көлік жүргізушілерімен кездесумен жалғасты. Онда республикалық сайлауалды штабы еліміздің жүйелі дамуына негізделген партияның бағдарламасын таныстырды. Арнайы үнпарақтар таратылды. Штаб мүшелері жүздесуді облыс орталығындағы ел көп шоғырланған «Қуаныш» ЖШС базарында жалғастырды. Онда кәсіпкерлерге аз пайызбен берілетін несиені барынша оңтайлы етуге партия ықпал ететіндігі айтылды. Өз кезегінде кәсіпкерлер де толғандырған сауалдарына жауаптар алды.

 

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Байланысты жаналықтар

Орал қаласында балабақша көбейеді

22.02.2023

Мәди Ахметов сабағы: Қазақ еліне + 50 су жорға депутат

06.12.2022

Бред собачий! - Айдос Сарым о сомнениях в «Аманате»

09.09.2022

Тоқаевтың орнына Қошанов келді

26.04.2022

«AMANAT» партиясы жанынан көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды

19.04.2022
MalimBlocks
Орал қаласында балабақша көбейеді

Үміткерлер бұл жолы жиын өткізбей, әрбір бутикті аралап, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Мәди Ахметов сабағы: Қазақ еліне + 50 су жорға депутат

«Аманат» деген партияның саяси менеджмент атты академиясы (!) бар екен. Сол академияның ішінен  «Жас саясаткер мектебін» ашылыпты

Бред собачий! - Айдос Сарым о сомнениях в «Аманате»

Назарбаевский режим в Казахстане демонтирован, считает депутат парламента Айдос Сарым. В интервью на ресурсе Yvision.kz он выразил свое отношение к коалиции демократических сил, созданной политиком Булатом Абиловым.

Тоқаевтың орнына Қошанов келді

Съез  делегаттары Қошановты сайлау туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.

«AMANAT» партиясы жанынан көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды

«Ашық партия» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында бүгін «AMANAT» Орталық аппаратында көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды. Онда тұрақты түрде брифингтер, баспасөз конференциялары және медиа саласының өкілдерімен түрлі форматтағы кездесулер өтеді.