«Аманат» мүшесі әкім сайлауы әділ өтетініне сенбейді

Алдағы айда өтетін аудан әкімдері сайлауы «Аманат» партиясының берекесін кетіретіндей. Неге десеңіз, қазірдің өзінде «Аманат» партиясының мүшелері сайлаудың әділ болмағына күмән келтіріп жатыр. Жалпы, билік партиясының өкілдері бұрын-соңды сайлауға келгенде әділетсіздік көрмейтін.

Есенжол Елекенов

  • 02.10.2023

15 жылдан бері «Нұр Отанның» «отымен кіріп, күлімен шыққан», одан кейін де «Аманаттың» аманатын арқалап алған Әлібек Тәшімов «Тасқала аудан әкімін сайлауы әділ өтеді дегенге сенбеймін» дейді. Назар аударатыны Әлібек Тәшімов билік партиясының қатардағы мүшесі ғана емес, ол лауазымды мемлекеттік қызметкер! 

Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы! Міне, осындай үлкен қызметі бар Әлібек Тәшімов Тасқала ауданының әкімі болу үшін сайлауға «Аманат» партиясы атынан түскісі келіпті.  Бірақ партияның аймақтық төрағасы оның кандидатурасын қолдамаған.

Бір қызығы, Тасқала ауданы әкімі сайлауына кандидат ұсыну жиынын «Аманат» партиясы  аманаттықтардың өзіне айтпай, «құпия» өткізген. Мұны  Әлібек Тәшімов өзінің  Facebook парақшасында жариялап, бұл сайлауға өзін-өзі ұсынатынын айтқан. Оған пікір қалдырғандардың басым көпшілігі оны қолдайтындарын жазған.

-«Аманат» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиеваға айттым. Бірақ ол кісі қолдамады. Менің түсінгенім олар өздері қалаған адамды сайлауға қатыстырғысы келді. Неге бұлай айтып отырмын? Өйткені өткен аптаның соңында «Аманат» партиясы атынан кімді ұсынатыны жөнінде жиын өткен болатын. Бірақ бұл жиынның өтетінін ешкім білген жоқ. Мен біреулерден естіп, сол жиынға бардым. Барып, барлығының көзінше, кімді ұсынатындарын айттым. Айтқаным дәл келді. Сайлауда Тасқала ауданы әкімі лауазымына аудан әкімінің орынбасары Талғат Шакировты ұсынды. Барлығын алдын ала келісілген сценариймен жасап отыр,- дейді Әлібек Тәшімов. 

Ол сайлауда әділетсіздік болуы әбден мүмкін деді.

Malim.kz тілшісі «Аманат» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиевадан «аманаттықтар» үшін жиынның не себепті «құпия» өткенін сұрауға хабарласты, алайда ол қоңырауға жауап бермеді.

Ал Тасқала аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Нұрмақов қанша үміткер тіркелгені жөнінде ақпарат бермеді.

Тасқала ауданы әкімін сайлау 5 қарашада өтеді.

Байланысты жаналықтар

Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

22.03.2025

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК

27.01.2025

Беларусь Президентін сайлау рәсімі өтті деп танылды

26.01.2025

Бүгін Беларусьта президент сайлауы өтіп жатыр

26.01.2025

Жемқорлық не ауыр қылмыс жасағандар сайлауға кандидат ретінде ұсынылмайды

15.01.2025

«Бір нәрсені есіңде ұста!». Бекболат Тілеухан Мағауиннің аманатына адал болды ма?

14.01.2025
MalimBlocks
Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК

Беларусь Президентін сайлау рәсімі өтті деп танылды

Бүгін Беларусьта президент сайлауы өтіп жатыр

Бұл елдегі жетінші кезекті президент сайлауы

Жемқорлық не ауыр қылмыс жасағандар сайлауға кандидат ретінде ұсынылмайды

Заң жобасы жұртшылық талқысына ұсынылды

«Бір нәрсені есіңде ұста!». Бекболат Тілеухан Мағауиннің аманатына адал болды ма?

"Бергенін еселеп елге қайтармасаң құдай төбеңнен ұрады" депті Мағауин.