457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әскерге аттанғандар арасындағы өлім-жітімнің жиілеу себебі қандай? - Министр жауап берді

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған сарбаздар арасында неге өлім-жітім жиілеп кетті деген сұраққа жауап берді.

"Біріншіден, мұндай жағдайлар көп емес. Екіншіден, сіздер білесіздер, мемлекет басшысы әр жағдайды егжей-тегжейлі анықтауды тапсырды, біз комиссия құрдық. Ең алдымен біз мұның себебін түсінуіміз қажет: жастар неге өз-өзіне қол жұмсайды? Бұған тек армия кінәлі емес қой", - деді Жақсылықов журналистер сауалына. 

Артынша министр әскери қызметкерлердің өмірі үшін жауапкершілік командирлерге жүктелетінін атап өтті. 

"Бірақ адам әскерге азаматтық қоғамнан пісіп-жетіліп, өз проблемаларымен бізге келіп отыр. Біздің міндет – осы проблемаларды барынша жойып, оны әскери қызметтен өтуге бейімдеу. Өйткені армияның басты мақсаты – жас ұрпақты дайындау, оған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін әскери-қолданбалы дағдыларды сіңіру, солай емес пе?", - дейді министр. 

Министр сөзінше, комиссия құрамына қарулы күштердің жетекші мамандары кірген. Сонымен қатар, білікті психологтар, әлеуметтанушылар тартылған.