Астананың дамуына «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» жобасының үлесі зор  

785 млрд теңге жергілікті қазынадан бөлінсе, қалған 2 трлн 700 млрд теңге бюджеттен тыс қаражат есебінен беріледі

Malim Админ

  • 13.04.2023

Азаматтардың өмір сапасын жақсарту,  атап айтқанда халыққа аса қажетті тұрғын үй, жылу мен ауыз су, көлік қатынастарын жолға қою - «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасында көзделген мақсаттар.  2021 жылы басталған ауқымды жоба тұрғын үй коммуналдық, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламаның басын біріктіргенін айта кетуге тиіспіз.  «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өңірлік зерттеулер орталығының директоры Қайсар Нығметовтің айтуынша, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» ұлттық жобасы 2021-2025 жылдарға арналған 10 ұлттық жобаның ішіндегі ең маңыздысы саналады.  «Ұлттық жоба осы уақытқа дейін өңірлерді дамыту, «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту сынды үш мемлекеттік бағдарламадағы  бағыттарды өзара біріктірді. Мемлекеттік бағдарламалардан ерекшелігі, ұлттық жобалардың форматы неғұрлым ықшам, бірінші кезекте бюджеттен  қаржыландырылатын нақты іс-шаралар. Күтілетін нәтижелер ұлттық жоба кестесіне сай, тиімділік көрсеткіштеріне байланысты өлшенеді. Ұлттық жоба Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында да мән берілген №10 Ұлттық басымдықты айқындайды. Жалпыұлттық жобаның негізгі мақсаты – халықтың негізгі қызметтерге қолжетімділігін қамту,    тұрғын үй-коммуналдық ахуалын жақсарту және тұрғын үй құрылысын ілгерілету, сондай-ақ көлік байланысын нығайту және көліктік-транзиттік әлеуетті арттыру арқылы азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызу», – деп түсіндіреді. 

Кең қанат жайған жоба еліміздің бірнеше аймағының жоғары көрсеткішке жетуіне жол ашты.    Басқа өңірлер секілді Астана қаласының да индустриялық-инновациялық әлеуеті, өндіріс, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнесті қолдау, азаматтарды жұмыспен қамту, сауда-саттық бойынша әлеуеті жоғарылап келеді. Жобаның бірінші бағыты -  тұрғылықты халықтың сапалы әрі жайлы тұрғын үйлерге қолжетімілігін арттыру екені белгілі. Негізгі мән беріліп отырған мәселе де – осы.       

Кейінгі уақытта Астана халқының тым көбейіп бара жатқандығы да бұқара тарапынан   жиі көтеріле бастады. Қазіргі таңда қала бойынша 48 мың отбасы тұрғын үй алу үшін кезекте тұр. Әсіресе көпбалалы отбасылардың арасында бұл проблема аса  өзекті.  Тағы бір күрделі мәселе – құрылысы тоқтап, тұралап қалған тұрғын үйлердің үлескерлері.  Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша,  кезінде олардың саны 16 мың адам болса,  қазір 4 мың шамасында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бұл мәселе жыл аяғына дейін шешілуге тиіс.    

«Қалада осындай отыз екі нысан бар.  Аталған үлескерлердің кілтін желтоқсан айына дейін тапсырамыз.  Үшіншісі – коммуналдық қызмет, яғни жылу, су, кәріз мәселелері. Әсіресе, бұл қаланың шеткі жағындағы  Үркер, Кирпичная, Пригородный, Көктал 1, Көктал 2 және басқа да шағын аудандарда өзекті. Бұл жерлерде инфрақұрылым, жол, кәрізбен жабдықтау, әлеуметтік инфрақұрылым және су мәселелері бар. Бұл мәселелер қаланың өсуіне байланысты. Қазір Бас жоспарды жобалап жатырмыз. Оны Үкімет қабылдайды. Президенттің тапсырмасына сәйкес Бас жоспарды осы жылдың соңына дейін әзірлеп, қабылдау қажет» деп түсіндірді Ж.Қасымбек.       

Әкімнің таратқан ақпаратына сүйенсек, құрылысы басталған нысандар  11 млн шаршы метрге жеткен. Биылғы жоспар бойынша 3,5 млн шаршы метрі қолданысқа берілмек. Келесі жылы да осы мөлшерде тапсырылады.

«Әрі қарай миграциялық жағдайға байланысты шешім қабылдаймыз. Қаладағы халық саны өссе құрылыс жалғасады. Бірақ біз ешқандай да шектеу қоймаймыз.  Ауылдан көшіп келген азаматтар тұрақты, айлығы жоғары жұмыс орнын, балаларын жақсы мектепке, университетке оқытқысы келеді. Сондықтан, жыл сайын 40 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Әкімшілік 14 мектеп салып жатырмыз. Оның 11-і биыл іске қосылады. Жекеменшік мектептер де бой көтеруде. Биыл елордада тағы 24 мектептің құрылысы басталады. 2-3 жыл көлемінде 40 мектеп саламыз»,-деді Жеңіс Қасымбек. 

Қала әкімінің мәліметінше, бұл 100 мың орындық білім мекемелерін қалыптастырады. «Жыл сайын мектептерге 25 мың шамасында оқушы келеді. Олардың саны өсіп жатыр. Сондықтан, кем дегенде 10 мектеп салуға тиіспіз», -деді ол.  

Қазіргі кезде ең көп талқыға түсетін мәселенің бірі – коммуналдық мекемелердің жұмысы.  Тұрғын үйлердің коммуналдық жағдайы  «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының айтулы бағыттарының бірі.    Жылдан жылға бас қалаға қоныстанушылардың саны көбейе түсуде. Бұл сәйкесінше жылу, су мәселелерінің күрделене түсуіне әкеліп соғатын фактор.  

Жоспар бойынша елордадағы үшінші жылу электр орталығы 2023-2024 жылғы жылыту маусымына дейін дайын болады. Қала әкімі Жеңіс Қасымбекің айтуынша,  биыл 2  газ-жылу станциясы іске қосылмақ.  

«Астана қаласы бойынша биыл 3 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілмек. Ол қосымша жылуды талап етеді. Бұл мәселе бойынша ауқымды жұмыстар басталып кеткен. Биыл 2 газ-жылу станциясы іске қосылады. Ол екі станция 600 геккалорий жылу береді. Осы жұмыстарды тамыз айында бітіреміз деп жоспарлап отырмыз.  Сондай-ақ, Астанада 3-жылу электр станциясы салынады. Оның бірінші кезеңі биыл бітеді. 5 қазандық биыл қосымша 440 геккалорий жылу береді.  Ол алдымыздағы 3-4 жылда қаланы жылумен қамтуға жеткілікті».

Шаһарды газдандыру мәселесі де қазір қарқынды жүріп жатқан шаралардың көлемдісі.   Астанаға «Сарыарқа» газ құбыры арқылы көгілдір отын келді.  8 мың үй газға қосылып үлгерді. Ендігі жоспар – 12 000 жеке меншік тұрғын үйге газ кіргізу.  2028 жылға дейін   15-20 мың үй газға қосылады деп күтілуде.       

Астана қаласы еліміздегі демографиялық өсімге айрықша үлес қосып отырған ірі аймақ. Сондықтан, азаматтардың өмір сүру сапасын барынша арттыру кезек күттірмейтін мәселе.   Елордаға көшіп келушілер жыл өткен сайын   артып келеді.   Олар мегаполистен тұрақты жұмыс орнын тауып, орналасу үшін, балаларын сапалы білім беретін мектепте оқытып, әрі қарай жоғарғы оқу орнынан түсіруді көздеп келетіні белгілі.  Астана қаласы әкімдігі осы мәселелерді шешіп, жыл сайын 40 мың тұрақты жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.   Бұл азаматтардың табысын арттырып, қоғамға тез бейімделіп кетуіне оң септігін тигізетін мүмкіндік.

Қалада тұратын азаматтар  тарапынан емханаларға тіркелу бойынша арыз-шағымдар жиі айтылатыны мәлім. Оны шешу мақсатында да бірқатар жұмыстар жүргізілуде.   Астана қаласы әкімінің пікірінше,  «биыл 2 емхананы іске қосу жоспары бар. Тағы үшеуінің құрылысы келесі жылы аяқталады. Есіл ауданында жеке инвестиция арқылы 3 емхананың құрылысы басталды. Қаланың шетінде емханаларды әкімдік өзі салады. Соңғы 3-4 жыл ішінде қалада жылына 30 мыңдай бала дүниеге келеді. Перзентхана жетпей жатыр. Осындай екі үлкен нысан салынады. Біреуін әкімдік, екіншісін министрлік салайын деп жатыр. Бұдан бөлек министрлік үлкен онкологиялық орталық салуда. Оның құрылысы биыл бітетін түрі бар. Қаланың өсуіне байланысты алдағы екі-үш жыл ішінде жоспар бойынша көптеген медициналық нысан іске қосылмақ.

Қаланың инфрақұрылымдық жағдайында да едәуір өзгерістер бар.   Айталық, шаһарда уақыт өткен сайын көлік кептелісі қиындай бастады.  Тұран, Мәңгілік ел, Қабанбай, Бауыржан Момышұлы, Тәуелсіздік секілді ең үлкен магистральдық көшелерде бұл жағдай қатты байқалады. Бұдан шығар жол – қаланы өзен арқылы екі жақты қосу.  Өткен жылы осы  мақсатта бір көпір салынса,  осы жылы күзде Тәуелсіздік даңғылын жалғастыратын тағы бір көпір салынбақ.  Аталған көпір дер кезінде халық игілігіне  берілсе, көптеген мәселе шешімін табатыны анық.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» жалпыұлттық жобасын  жүзеге асыру әсіресе көліктік, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымына тың серпін береді.  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сенсек, 2025 жылға қарай қаржыландырудың барлық көздерінен 236,7 мың отбасының жағдайын жақсартылады. Қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау қызметтеріне 100% қолжетімділікті қамтамасыз ету. Ауылдық жерлерде тиімдірек болады. Сонымен бірге, ірі қалалардың шеткі жақтарын жайлы ету, нөсерлі кәріз құбырларын қайта құру, «ескі орамдарды» жөндеу және тозығы жеткен тұрғын үйлерді (251 үй) бұзу секілді өзекті мәселелер шешімін таппақ.

Сонымен қатар, базалық инфрақұрылымды кешенді дамыту маңызды. Осының аясында   5,3 мың шақырым су құбыры және су бұру желілерін салу және қайта жаңарту іске аспақ.  175 шақырым нөсерлі кәріз желілері мен арықтар жаңғыртылады.  220 біріктірілген блоктық модульдер мен 2407 жалпы үй жылу және су есептегіштері  орнатылады деп күтіліп отыр.  Жоспарға сәйкес, тазарту құрылыстарын салу және қайта жаңарту бойынша 11 жоба  іске асырылады. 3 іс-шара бойынша өңірлердегі жобаларды аяқтау негізінде жоспарланған көрсеткіштердің нәтижелері қалыптасады. Бұл ретте әкімдіктердің жедел мәліметтері бойынша 10 айдың қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен болады. Жұмыс қазірден-ақ нәтижеберуде.  262 шақырым нөсер және арық желілері қалпына келтірілді, бұл жоспардың 149 пайызының орындалғаны.  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осындай цифрларды алға тартып отыр.

Айта кетуге тиіспіз, 2022 жылы жалпыұлттық жобаны орындау үшін 1,8 триллион теңге жоспарланған.  Оның 709 миллиарды бюджеттен тыс қаражат болды. Ал былтырғы жылдың 1 тамызындағы есеп бойынша 528 млрд теңге немесе қаржының  30%-ы игерілген.

Кең ауқымдағы бағдарламада көрсетілген тапсырмалар   2025 жылға дейін кезең-кезеңімен орындалады.  Үкімет бұл ретте  салалық минстрліктер және аймақтардағы атқарушы биліктермен тізе қоса отырып, жұмыс ісейді.  Республикалық маңыздағы Ұлттық жобаны жүзеге айналдыру үшін    жеті жарым триллион  теңге қарастырылған. Оның төрт  трлн теңгесі Республикалық бюджеттен бөлінеді. Ал 785 млрд теңге жергілікті қазынадан бөлінсе, қалған 2 трлн 700 млрд теңге бюджеттен тыс қаражат есебінен беріледі.   

  

Байланысты жаналықтар

Өскемендегі жылу магистраліндегі апат жөнделіп жатыр

17.11.2024

Бір жылда үй бағасы 3,9%-ға қымбаттады

12.11.2024

Үйі жоқ барлық азамат кезекке тұра алады

11.11.2024

Амангелді ауданында жылу қазандығы жарылды

06.11.2024

«Температураны біртіндеп көтеру керек». Саран әкімі жылудың неге жетпей жатқанын түсіндірді

13.10.2024

Алматыда жылу 7 қазаннан бастап қосылады

03.10.2024
MalimBlocks
Өскемендегі жылу магистраліндегі апат жөнделіп жатыр

Жөндеу жұмыстары біт сәтке тоқтамаған

Бір жылда үй бағасы 3,9%-ға қымбаттады

Жаңа тұрғын үйлерді сату 2,3% өсті

Үйі жоқ барлық азамат кезекке тұра алады

Үй беру азаматтың табысы мен мәртебесіне сәйкес жүргізіледі

Амангелді ауданында жылу қазандығы жарылды

«Температураны біртіндеп көтеру керек». Саран әкімі жылудың неге жетпей жатқанын түсіндірді

Қала тұрғындары батареяларына жылу келмей жатқанына шағымданды

Алматыда жылу 7 қазаннан бастап қосылады