"Бақытты отбасы" Ахметовті бақытты етпей тұр

Malim Админ

  • 12.03.2020

Жуырда ғана Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал АХМЕТОВ облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бауыржан ҚҰДИЯРОВТЫҢ жұмысын сынға алған еді. Облыс басшысының 7-20-25 және «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жасалып жатқан шаруаларға көңілі толмады. Басқарма басшысына жыл жасайын көпбалаалы аналарға 550-600 пәтер беру керек деп шегелеп айтты. Алайда, салынып біткен үйлердің өзі қоныс тойын тойлауға жарамай тұр.

Өскеменде былтырғы жылы мемлекеттік "Бақытты отбасы" бағдарламасымен баспана алған көпбалалы отбасылар әлі үйлеріне кіре алмай жүр. Пәтерлерінің кілтін қолына алса да құрылыс жұмысы толық бітпегенін айтып шағымданады. Одан өзге жаңа салынған үйдің сапасына сын айтқандар да көп.

Мәселен, Ілияс ЕСБАЕВ былтырғы жылдың қараша айында кемшілікті жоямыз деген уәде әлі орындалмады деп отыр:

Кемшілікті қалпына келтіру актысы жасалды. Содан бері міне 5 ай өтті. Мына сынық терезені ауыстырамыз деді. Сыртқы кіреберіс есік ол сынып жатыр. Міне наурыз айының ортасы болды. Әлі ауыстырылған жоқ,дейді.

 

Ал барар жері болмаған жандар, жарығы мен суы берілмеген үйге амалсыз кіріп алған. Құрылысшылар уақытша электр желісін тартып берген.

- Біздің баратын жеріміз болмады. Алты балам бар. Қай жерден пәтер іздеймін?! Пәтер жалдасам оның төлемақысы бар. Мына жақта ипотекамды жабуым қажет. Сондықтан келіп кірдім. Өзім еденін ауыстырдым. Қабырғадағы тұс қағаздарды қайта жапсырып жатырмын. Электр жарығы қосылмаған. Әзірше құрылысшылар қосып берді. Тамақ істеп ішуімізге жарайды. Электр сымдары жатқан жерден барынша абайлап жүруге тырысамыз, – дейді пәтер иесі Индира САПТАЯҚОВА.

Қалған жандар өздері енбей жатып қабырғасы жарылып, жапсырылған тұс қағаздары жиырылып кеткеніне қынжылады. Кейбір пәтерлерде балконға шығатын есіктің өзі әрең ашылып-жабылады екен. Құрылысы аяқталды деп қолдарына кілт табыс етілсе де жұмыстың толық аяқталуын күтіп жүр.

- Төбелері мен қабырғалары тегіс емес. Қабырғадағы жарықтар үлкейіп барады. Бүгінге дейін неше мәрте келіп бақыладым. Үйдің әр кіреберісінде бірлі-екілі жұмысшылар ғана жүреді. Одан кейін қайдан жұмыс бітеді?! Ал біздің жағдайымыз қиындап барады. Айта-айта әбден шаршадық, - дейді жаңа пәтерге қол жеткізсе де әлі кіре алмай жүрген Жұлдыз САДУАҚАСОВА.

Ал Назерке СӘРСЕМБАЕВА есімді пәтер иесі:

- Қараша айының аяғында кіресіздер деп уәде берген. Әлі кіргізген жоқ. Тіпті қай кезде кіретінімізді де білмейміз. Біз келесі аптаға таман үйімізге кіргіміз келеді. Қашанғы бұлай жүреміз?деп, қынжылады.


Бітпеген үйлерінің есігінің алдына келіп, жиналған елдің ашуына тиген де ең басты мәселе осы. Берілгеніне бес ай болса да құрылысқа жауапты мамандардың берген құрғақ уәдесіне әбден тойып біттік деп ашынады. Құрылыс компаниясының өкілдері болса алдағы бір аптада барлық олқылықты жоятындарын айтты.

- Бұл үйді былтыр қараша айында тапсырып бергенімізде барлық адамның келіп-кетуіне, кіріп-шығуына рұқсат етілді. Үй алған азаматтар толық кірмегендіктен, мұнда ұрлық та болды. Жасап қойған мүлікті қасақана бүлдіріп кеткендер де болды. Олар ұсталып, жауапқа тартылды. Ал жаңағы айтылған кемшіліктер бойынша қазір жұмыс істеп жатырмыз. Қысқа мерзімнің ішінде оны жоямыз. Ол үшін бір апта уақыт жеткілікті. Тек тұрғындар пәтер иелері кооперативімен келісімшарт жасаса болғаны. Жақын арада үйлеріне кіреді, – деп сендірді, мердігер компанияның директоры Руслан ІШКІБАЕВ. 

Жарық пен судың берілмеуі азаматтардың өздеріне байланысты деген құрылыс компаниясы өкілінің сөзін, "КШТ" ЖК басқарма компаниясының директоры да растады. Себебі, пәтер иелері кооперативімен келісім шарт жасағандардың саны аз деген Мұхтар БАЙЗАХАНОВ:

- Осындағы тұрғындар мені қызмет көрсетуші пәтер иелері кооперативі ретінде таңдады. Мұндағы 198 пәтердің үштен екі бөлігі келісім шарт жасаса болғаны, барлық мәселе шешіледі. Электр энергиясы мен жылу үшін тағы да басқа төлемдерді жасауға дербес шот ашылады. Қазір менімен келіскендердің саны барлық үйдің санының жартысына да жетпейді. Уақытты созбау керек. Кім қашан келісім жасаса да барлық төлемдерді келісілген күннен емес, екінші наурыздан бастап жасайдыдеді.

Бірақ оған мұндағы елдің сенгісі жоқ. Өйткені, осыған дейін берілген уәде орындалмағанда, бір аптада бәрі жөнделіп кетеді деген жай сөз деп отыр. Сонымен қатар, жолдың жөнделу, қоғамдық көліктің тұрақты жүру секілді өзге де мәселелер алаңдатады. Жалпы бұл үйдің құрылысы 2017 жылы басталған. Құны 1 млрд 800 млн теңге. Барлығы 198 пәтер бар.

Фотолар автордікі.

Жанболат САНИЯЗ

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!

Байланысты жаналықтар

Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

28.12.2022

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

28.12.2022

Даниал Ахметовтің қаласында жағдай күрделі. «Тұрғындaр үшін үйден шығу мұң»

14.12.2022

Шұңқырдағы жазу: Ең жақсы өзгеріс – Омардың отставкасы

26.05.2022

Даниал Ахметов vs кәсіпкерлер: арыз қайтып алынды

12.11.2021

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен соттасып жатыр  

08.11.2021
MalimBlocks
Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

Бүгін Мәжілісте депутат министрге сенімсіздік білдіріп, бірнеше шенеунікті ірі жер иеленуші ретінде атады.

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

Неге бұлай болды, неге адамдар өзіне қол жұмсайды, неге наразылыққа шыға береді, неге зейнет жасын төмендетуді сұрайды, неге жәрдемақыны көтеруді талап етеді деген зерттеулер жүргізілмейтін, тек әр оқиғаның салдарымен ғана күресетін және шамасы келгенше жылы жауып тастауға тырысатын мемлекетте тағы бір жылды өткіздік...

Даниал Ахметовтің қаласында жағдай күрделі. «Тұрғындaр үшін үйден шығу мұң»

Өндірісті шaһaр Өскеменде көптен бері жел еспей, қaлa көк түтінге оранып тұр.  Соның салдарынан өскемендіктердің бaсы aуырып, тaмaғы қышып, бойлaрын әсіздік билей бастаған.

Шұңқырдағы жазу: Ең жақсы өзгеріс – Омардың отставкасы

Өскемен қаласының автожолдарындағы шұңқырларда «Ең жақсы өзгеріс - Омардың отставкасы» деп жазылған тақтайшалар пайда бола бастады.

Даниал Ахметов vs кәсіпкерлер: арыз қайтып алынды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бизнесмендердің үстінен сотқа арыз түсіргенін жоққа шығарды.

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен соттасып жатыр