"Биологиялық қауіпсіздік туралы" заң жобасы мақұлданды

Айшолпан КЕРІМ

  • 08.12.2021

Эпидемияның таралуына түрткі болғандар, биологиялық қауіпсіздікті сақтамағандар, қасақана ауру таратқандар енді қылмыстық жазаға тартылады. Коронавирус пандемиясынан сабақ алған үкіметтің биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын мәжіліс депутаттары бүгін бірінші оқылымда мақұлдады.    

Талқылау барысында сөз алған Денсаулық сақтау министрі А. Цой ең алдымен бұл заң жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2020 жылғы 27 мамырда өткізген Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен 2020 жылы 16 қарашадағы коронавирустық инфекция жөніндегі кеңестегі тапсырмалары бойынша әзірленгенін атап өтті.

«Президент екі мәрте тапсырма берген» дегенді естіген соң депутаттар баяндамашының сөзіне зейін сала, құлақ түрді.

Заң жобасының мақсаты өте қарапайым. Биологиялық қауіп

қатерлерді ерте анықтау, оларды болдырмау және алдын алу.  

Алайда қазіргі заманда бұл мақсатқа жету- айтуға ғана оңай. Шекаралар ашылып, ұшып-қону, бару-келу қарыштап дамығалы сапырылысып жатқан елде есеп жоқ. Адам түгілі елге сан мың жануар келіп, сан мыңы шекара асып жатыр. Одан қалса, жабайы жануар мен үй жануарының ортасындағы шекара да жойылып кетті. Осы қарбаластар әрине, түрлі инфекцияның таралуы мен биологиялық қауіп қатерлерді көбейте түседі.

Одан бөлек ғылыми жетістікті теріс пиғылға пайдаланғысы кеп тұратындар және бар. Патогенді биоагенттерді заңсыз иелену, оларды сату, төтенше  жағдайлар мен терроризм  актілеріне қолданғысы кеп тұратындар және бар. Міне, осындай қауіп қатерлердің алдын алуға біріншіден мемлекеттік мекемелердің бірлесіп істейтін жұмыс жүйесі керек. Екіншіден биоқауіпсіздік саласында білікті кадрларды қалыптастыру қажет. Үшіншіден, алдында айтылған екі шартқа жол ашатын кешенді заң жобасы қажет.

«Мұндай қауіп қатерлерге қарсы іс қимылдың тиімді жүйесін қалыптастыру талап етіледі. Ол үшін заң жобасында:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегия

сы;

2) биоагенттермен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды біріздендіру;

3)  микроорганизмдердің  ұлттық  және  жұмыс  коллекцияларының  қызметін регламенттеу;

4) үйлесімді мемлекеттік басқару жүйесін құру;

5)  патогенді  биоагенттердің  айналымы  туралы  деректерді  есепке  алу  мен мониторингтеудің бірыңғай жүйесін құру;

6) биотәуекелдерді басқару жүйесін енгізу;

7) биологиялық қауіп қатерлерді болжау жүйесін құру;

8) профильді қызметтер мен халықтың ықтимал төтенше жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету;

9)  мемлекеттік  реттеудің  превентивті  функциясын  күшейту  шеңберінде  реттеу ұсынылады», - деді баяндамасында Денсаулық сақтау министрі А.Цой.

Министрдің айтуынша, аталған міндеттерді іске асыратын заң жобасын қолданысқа енгізу үшін алты айлық өтпелі кезең және

патогенді  биоагенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды

ресімдеу және қайта ресімдеу үшін қосымша тағы да 6 ай қажет.

Яғни, бұл мемлекеттік құрылымдар арасында бірлесіп істейтін өте кешенді, ауқымды жұмыстарды талап ететін заң. Оны жүзеге асыруға кететін қаржы да аз емес.

«Республикалық бюджет комиссиясы заң жобасын іске асыруға шамамен  25 миллиард теңге мөлшерінде 2022-2024 жылдарға арналған шығыстарды мақұлдады. Бұл шығыстарға бейінді қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, мемлекеттік зертханалық базаны қосымша жарақтандыру, биоқауіпсіздік  саласында бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйені  құру және жүргізу,  микроорганизмдер коллекциясын  ұстап тұру шығыстары кіреді»,-деді министр.

Егер әлемде коронавирус пандемиясы болмаса, онда құдай біледі, депутаттар мінбедегі денсаулық сақтау министрін түтіп жеп қояр еді. Қанша дегенмен,  екі жылға қажетсініп тұрған 25 миллиард теңге аз ақша емес. Сосын, іске асуына сұрап отырған бір жыл да аз уақыт емес.

Дегенмен, депутаттар бұл мәселеге денсаулық сақтау министрлігі ғана жауапты болмауы тиіс деген ұстанымда. Депутат Ә.Қаратаевтың айтуынша, ел аумағында аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары  бар. Олардың алдын алу мақсатында жыл сайын ауыл шаруашылығы жануарларын құтыруға, аусылға, сібір  жарасына  және  басқа  да  ауруларға  қарсы вакцинациялау жүргізіледі.

Соған қарамастан, халық арасында сібір жарасы, конго-қырым геморрагиялық ауруының өсуі байқалған. Қарашада Шымкент қаласында сібір жарасын жұқтыру тіркелген.

Осындай деректерге алаңдаған депутат қауіпті  инфекциялардың табиғи  ошақтарын анықтау және оларды оқшаулау профилактикасын күшейту керек дейді. Ауыл шаруашылығы вице министрі Рүстем Құрманов депутаттың сөзімен келісетінін, биологиялық қауіпсіздік заңы қабылданса, вакцинациядан өзге профилактикалық шаралар, диагностикалық,

аллергиялық зерттеулердің жүргізілуі жетіліп, жабайы фауна мониторингі артып, мемлекеттік шекарада көлік, мал шаруашылығы нысандарында дезинфекциялау жұмыстары ілгерлейтінін айтты.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы депутат Дархан Мыңбайдың сөзінше, осы заң жобасының арқасында биологиялық қауіпсіздік саласында жаңа мемлекеттік ақпараттық жүйе құрылады. Мұндай жүйе алдын ала болжау, биологиялық тәуекелдерді басқаруға көмектеспек.

Заң жобасының екінші жаңалығын депутат былай түсіндірді:

Әрбір стационарлық немесе мобильді объектіге патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге арналған рұқсат алу;

патогенді   биологиялық   агенттермен   жұмыс   істеуді   жүзеге   асыратын субъектілердің, олардың меншік нысанына қарамастан, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеудің міндетті рәсімінен өтуі;

патогенді   биологиялық   агенттермен   жұмыс   істеуді   жүзеге   асыратын қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, олардың жалақысын ұлғайту, екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы енгізу көзделген.

Ал депутат Мұхтар Ерманның сөзінше заң жобасында биологиялық қауіпсіздікті сақтауда мемлекеттік мекемелердің міндеттері айқын көрсетілден.  

«Заң жобасында  биологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге тартылған мүдделі мемлекеттік органдардың үйлестіруші рөлі көзделеді.

Табиғи  немесе  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  туындаған  кезде мемлекеттік  органдардың  іс-қимылдарын  үйлестіру  Төтенше  жағдайлар  министрлігіне жүктеледі.  Егер  Азаматтық  қорғаныс  әскерлерін,  Апаттар медицинасы орталығы мен санитариялық авиацияны, арнайы техникасын, телекоммуникациялар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу  институттары мен орталықтарын, мемлекеттік  материалдық  резервті

қалыптастыру  мен  дамытуды  қоса  алғанда,  осы  уәкілетті  органның  күштері  мен құралдарының болуын назарға алсақ, бұл дұрыс шешім деп санаймыз.Соғыс уақыты мен соғыс жағдайы кезінде Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқару органдарының қызметін үйлестіру міндеті Қорғаныс министрлігіне жүктеледі» дейді М. Ерман.

Ал Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, патогенді биоагенттермен жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы артып, сауықтыру шараларына төлемдер жасалатын болады.

Баяндама оқылып, сұрақ-жауап алмасып, талқылау біткен соң депутаттар заң жобасын бір ауыздан мақұлдады. Осыдан кейін спикер мынандай сөз айтты: «Еліміздің заңнамалық тарихында алғаш рет «Биологиялық қауіпсіздік» туралы заң жобасын мақұлдадық. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген. Осы құжат елімізде биоқауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған. Ол әртүрлі инфекциялардың алдын алуға, халықтың денсаулығын сақтауға, жалпы алғанда, қоршаған ортаны биологиялық қауіптерден қорғауға мүмкіндік береді.

Спикердің ойынша, бұл заң жобасы Қазақстанда биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа моделін құру үшін құқықтық негіз болады және азаматтар мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.

Айта кетерлігі, осы заң жобасы парламентте талқыланып жатқан кезде Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов

биологиялық қауіпсіздік саласында қатерлі микроорганизмдермен тікелей жұмыс істейтін мамандар дайындау үшін 400 грант бөлінетінін де айтқан болатын.

«Бізде мамандар жоқ емес, бар. Бірақ толыққанды биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Ұсынылып отырған заң жобасында осы салаға жаңа мамандарды барынша көбірек тарту көзделген.

Санитарлық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандар дайындауға 400 грант бөлу қарастырылған. Әрине, оларды бұл салаға мамандандыру маманның оған дейін алған базалық біліміне сай жүргізіледі. Бұл жерде біздің айтып отырғанымыз – биологиялық тірі организмдермен жұмыс істейтін мамандардар. Патогендер деп бөліп айтып отырғанымыз сондықтан», - деген еді бас санитар дәрігер. Демек, биологиялық қауіпсіздікті сақтайтын мамандарға сұраныс та артпақ.

Байланысты жаналықтар

Президент министрге ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендету бойынша тапсырма берді

09.07.2024

Енді кәсіби дәрігерге көріну үшін терапевтке жазылудың қажеті жоқ – ДСМ

27.03.2024

Балаларға ораза ұстауға бола ма?

18.03.2024

Қарағандыда тағы екі бала ауруханаға түсті

01.08.2023

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

20.12.2021

Біртанов ісі. Экс-министр үйқамақта тағы екі ай отырады

24.09.2021
MalimBlocks
Президент министрге ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендету бойынша тапсырма берді

Тоқаев медициналық көмек көрсетудің мейілінше нәтижелі болуына назар аудара отырып, денсаулық сақтау жүйесін сапалы түрде қайта құру керектігіне тоқталды.

Енді кәсіби дәрігерге көріну үшін терапевтке жазылудың қажеті жоқ – ДСМ

Енді дәрігерге бару үшін терапевтке жазылудың қажеті болмауы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Балаларға ораза ұстауға бола ма?

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жауап берді.

Қарағандыда тағы екі бала ауруханаға түсті

Екі күннен бері ауруханаға уланып түсіп жатқан жетім балалар мен ата-анасы тастап кеткен балалар. 

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

Біртанов ісі. Экс-министр үйқамақта тағы екі ай отырады

Апелляциялық сот Елжан Біртановтың үй қамағынан босату туралы өтінішін тағы да қанағаттандырмады.