Браконьерлікке жұмыссыздық себеп пе?

Malim Админ

  • 11.04.2020

Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарында браконьерлер киікті қоғадай жапырып, обал-сауап, заң-зәкүнді аттап-бұттап, білгенін істеп жатса, Шығыс Қазақстан облысындағы браконьерлер балықты заңсыз аулап, мемлекеттке шығын келтіріп жатыр. Бір ғана Күршім ауданында заңсыз балық аулаған үш ер адам ұсталған.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті аудандық прокуратура өкілдері мен тәртіп сақшылары бірлескен рейд барысында «Құйған-Күршім» тасжолында «Нива» көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде, 24 жастағы ер адам 391 келі балықты заңсыз тасымалдаған. Осының салдарынан мемлекетке 529 000 теңгеден астам материалдық шығын келген. «Сонымен қатар 8 сәуір күні Бұқтырма су қоймасында тыйым салынған аумен балық аулаған екі браконьер ұсталды. Олар Күршім ауылының 46 және 50 жастағы жұмыссыз тұрғындары болып шықты. Ер адамдардан жалпы салмағы 236 келі тартатын, 488 000 теңгенің балығы тәркелінді», - деп Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің қызметкерлері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған фактілер бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сонда заңсыз балық аулауға жұмыссыздық себеп пе? Оның үстіне тыйым салыған қытайлық аумен балық аулаған. Ол ау суда қалатын болса, оған жақындап кеткен балықтың бәрін ұстап қалады. Өлтіреді. Ол табиғатқа зиян. Екіншіден рұқсат етілген уақытта, рұқсат қағазбен балық аулауға әбден болады ғой. Біздің ел осында йбір тәртіпке үйрене алмай жатқандай. Әйтпесе, қасқыр атып жүрген аңшыларың өзі рұқсат қағаздарын алып, ең алаңсыз аңға шығып жүрген жоқ па?!

Оның үстіне, естеріңізде болса, Мемлекет басшысының тапсырмасымен браконьерлерге жаза күшейтілген болатын.

Былтыр жылдың соңында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов браконьерлік қылмысы үшін жазаны күшейту шараларын түсіндірген болатын.

Мемлекет басшысы қол қойған Қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасы Заңы арқылы заңсыз аң аулау (Қылмыстық Кодекстің 335-бабы) және заңсыз балық аулау (Қылмыстық Кодекстің 337-бабы) теріс қылықтан ауырлығы орташа қылмыстар санатына ауыстырылды. «Аталған фактілер үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, 10 млн теңгеге дейін айыппұл салу қарастырылған. Қорықтағы балықтардың сирек кездесетін түрлеріне және Қызыл кітапқа енгген жануарларды заңсыз аулау үшін 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал қылмыстық топтың құрамында немесе аса ірі мөлшерде қылмыс жасалса – 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген», - деген еді Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, қылмыс құралдарын, көлік құралдарын және браконьерлердің мүлкін міндетті түрде тәркілеу енгізіледі. Айта кетейік, Марат Ахметжанов еліміздегі қылмыс ахуалы туралы, сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша Қазақстан Ресбуликасы Заңын түсіндірген.

Заңға Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанында қол қойып, ол 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген болатын.

Ендеше бұл еркінсу бұрынғы заңсыздықтың инерциясы деп қабылдасақ та болатын шығар мүмкін. Енді аяқ тартып, тоқсауы тиіс.

Байланысты жаналықтар

Шығыста жаңа көпірдің ашылуына орай дүбірлі той өтті

27.10.2024

Бұқтырма су қоймасындағы көпір салтанатты түрде қолданысқа берілді

25.10.2024

Қазақстандағы жұмыссыздардың көбі – әйелдер

17.10.2024

Шығыс өңірдегі журналистерді даярлайтын басты ұстахана

17.09.2024

Өскеменде жаңа мешіт ашылады

17.09.2024

«Eastiler» - мықты жастардың ортасына айналған ұйым

16.09.2024
MalimBlocks
Шығыста жаңа көпірдің ашылуына орай дүбірлі той өтті

Бұл күні көпірдің жанынан қырыққа жуық киіз үй тігілді

Бұқтырма су қоймасындағы көпір салтанатты түрде қолданысқа берілді

Көпірдің құрылысына елеулі еңбек сіңірген және қолдау көрсеткен азаматтар марапатталды

Қазақстандағы жұмыссыздардың көбі – әйелдер

Әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Жетісу, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тіркелген

Шығыс өңірдегі журналистерді даярлайтын басты ұстахана

Шығыс Қазақстанда «Аманжолов журналистері» деген бренд қалыптасты

Өскеменде жаңа мешіт ашылады

Ашылу салтанаты қыркүйектің 27-не жоспарланған

«Eastiler» - мықты жастардың ортасына айналған ұйым

«Eastiler» атауы бірнеше мағына береді: «дауысымыз билікке, халыққа естілер», «есті жандар, ақылдылар», «шығыстықтар»