Бұл аурудың өзгешелігі жазылғандай боласың да, аяқ асты ауырасың
– Жақында аурып, енді тәуір болғаныңызды желіде жаздыңыз. Қалай ауырдыңыз?
– Ауру уақыты өте ауыр өтті. Дәрігерлер пневмония деп диагноз қойды.
– Белгілері осыдан 9 күн бұрын әлсіздік пайда болды. Бас қатты ауырды. 3-4 күн қатарынан ыстық шықты. Дер кезінде терледім. Одан кейін дәм мен иіс сезінбедім. Ол өте бере, жүрек айну мен әлсіздік болды. Арасында жөтел пайда болды. Ең соңғы күндері 2-3 күн сүйектерім қақсады. Қақсаған кезде шыдай алмай кеттім. Оған дәрі болмады. Тұра алмай жаттым.
– Қайда емделдіңіз?
– Үйде емделдім. Себебі ауруханада орын болмады.
– Қалай жазылдыңыз?
– Сорпа көп іштім. Өзімді күштеп сұйық көп іштім. Дәрілерді уақытында қабылдадым. Ең бастысы, таза ауада көбірек жүрдім. Артық ештеңе ойламадым. Жалпы, бұл жолғы келген тұмау дейін бе... Ауру дейін бе, өте қатты сақтанбаса, жүрегі әлсіз адамдар қиналғанда көтере алмай қалуы мүмкін екен.
– Жақындарыңызға жұқтырмадыңыз ба?
– Жұқты.
– Кімге жұқтырдыңыз?
– Әке-шешем қалаға келген күні меннен жұқтырды деп ойлаймын. Анам ауырып, толық айықпады. Әкем бүгін больницаға түсті.
– Өзіңіз қайдан жұқтырдым деп ойлайсыз?
– Сырттан жұқтырдым. Автобуста деп ойлаймын.
– Дәрі-дәрмек іздегенде тапшылық болған шығар?
– Иә, Соңғы күндері парацетамол дәрісін 6 аптекаға барып таппай қайттым.
– Тест тапсырып көрмедіңіз бе?
– Әлі тапсырмадым. Қалаға барғанда тапсырамын. Тапсыратын мүмкіндік болмады. Ауырған кезде бір жерге бармақ түгілі, сөйлеуге хәл болмады.
– Әкеңіз де пневмония ма?
– Иә, бүгін өкпесін рентгенге түсіріп, диагнозын пневмония деп диагноз деп қойды
– Анаңыңызда ше?
– Анамның диагнозы созылмалы бронхит.
– Әкеңіз қай ауруханаға жатты?
– Аршалы ауданындағы аурухана. Ауданымыздағы жалғыз ауруханамыз сол. Бұл аурудың өзгешелігі жазылған сияқты болып тұрасың да, аяқ асты ауырып қалады екенсің. Байқау керек.
– Әке-шешеңіз айығып кетсін!