Екі айда 15 мың тұрғын үй беріліпті

Malim Админ

  • 17.03.2021

Статистикалық мәліметтің дерегінше, 2021 жылдың қаңтар-ақпанында тұрғын үй құрылысы бойынша 1 893 000 м2  астам тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Бұл 2020 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда  12,8 пайызға артық.

Квадрат метрді пәтер санымен айтсақ, осы аралықта елде барлығы 15 807 тұрғын үй пайдалануға берілген. Оның 5 487-сі жеке үй. Пәтер беру қарқыны барлық аймақта ілгері. Ал тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция  231,2 млрд теңге болыпты. Бұл сан да өткен жылмен салыстырғанда 36,5 пайызға жоғары.

Үкімет алдағы уақытта қалалық жерлердегі тұрғын үй құрылысын ғана емес, аудандағы құрылыстың қарқынын күшейтпек. Осы мақсатта индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі  республикалық бюджеттен аудан құрылысын жандандыруға 14,3 млрд теңге субцидия сұрау салып отыр. Оі шешімін тапса, бұл субцидия қалай жүзеге аспақ? Ресми дерек бойынша, елдегі 76 ауданда 2 855 тұрғын үйге  (285,5 мың шаршы метрге) сұраныс, қажеттілік бар екен. Міне, осы сұранысты өтеу үшін мемлекет ауылда тұрғын үй салу тетігін енгізбек. Яғни, ауылда жұмыскерлер үшін тұрғын үй салған жұмыс берушінің шығындарының 50 пайызын мемлекет субсидияламақ. Бірақ, бұл жоспарды жүзеге асыру үшін тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін жүзеге асырудағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуі жайы пысықталып жатыр.

Ал үкімет айтып отырған нұсқа бойынша, тұрғын үй құрылысын субсидиялау тетігі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Ол үшін құрылыс салушылар мемлекет бекіткен бір типті үйлерді ғана салуы тиіс. Яғни, үйдің жалпы көлемі 80 шаршы метрден аспауы керек. Ал ондай үйдің құны 8,4 млн теңгеден жоғары болмауы шарт. Бір айта кетерлігі, президент «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы жергілікті жерлерде тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымдар құрылысын жандандыруға айрықша тапсырма берген болатын.

Байланысты жаналықтар

"Баспана хит" пен "7-20-25": Тұрғын үй бағасы арзандай ма?

24.05.2021

Тоғжанов Түркістан облысының шекара маңындағы аудандарын аралады

16.03.2021

Мамин орындалмас уәдесін берді

27.10.2020

«Нұрлы жер» бағдарламасы іске асып жатқан жоқ

15.10.2020

Мамин 15 млн шаршы метр тұрғын үйдің салынуын қадағалайды

07.04.2020

Солтүстікте қоныс аударушыларға 714 үй салынады

24.03.2020
MalimBlocks
"Баспана хит" пен "7-20-25": Тұрғын үй бағасы арзандай ма?

Тоғжанов Түркістан облысының шекара маңындағы аудандарын аралады

Мамин орындалмас уәдесін берді

«Нұрлы жер» бағдарламасы іске асып жатқан жоқ

Мамин 15 млн шаршы метр тұрғын үйдің салынуын қадағалайды

Солтүстікте қоныс аударушыларға 714 үй салынады