Елдің жарқын болашағына әрбір азамат а өз үлесін қосу қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын Түркістан жұртшылығы үлкен үмітпен қабылдады. Былтыр бүкілхалықтық референдум бойынша облыстық штаб құрамында жұмыс істедім.
Елді мекендерді аралап, саяси реформа мәнін түсіндірдік. Байқағаным – елдің ықыласы зор. Өзгерістерді оң бағалап отыр. Соның дәлеліндей, Түркістан облысындағы сайлаушылардың 80 пайыздан астамы референдумға қатысты. Сөйтіп, республикада топ бастады.
Бәріңіз білетіндей, 19 наурыз күні елімізде ауқымды саяси дода өтті. Нақтысын айтсақ, біз Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға өзіміз лайық көрген депутаттарды сайладық.
Саяси сарапшылар мен қоғам белсенділері бұл сайлаудың бұрынғы сайлаулардан өзгерек болғанын айтып жатыр. Оның себебі – қазіргі мемлекеттік реформалар ел саясатына әйелдер, жастар, тіпті, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да араласуына мүмкіндік беріп отыр. Осы сайлаудан кейін Мәжіліс пен мәслихаттарда барлық саладағы мәселелер көтеріліп жатыр. Сонымен бірге бұл сайлауда жеті бірдей партия күш сынасты. Олар 18 ақпаннан бастап өз тұғырнамаларын елге таныстырып, қоғамдағы түрлі мәселелерді шешуге күш салуда. Партиялардың әрекеттерінен ашықтық пен әділетті бәсекені аңғарып келеміз. Бұл да Жаңа Қазақстандағы теңқұқықты қоғамның бір белгісі деп ойлаймын.
Еліміздегі саяси реформалардың аясында ауыл тұрғындары екі жылдан бері ауылдық округ әкімін таңдау мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде Түркістан облысы бойынша 140 ауылдық округ әкімдері сайланды. Сонымен қатар биыл 4 аудан әкімінің сайлауы өтті. Қабылданып жатқан реформалардың барлығы – мемлекеттік басқарудағы шешім қабылдау процессіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін арттырып отыр
Мемлекет басшысының өткен жыл Жолдауында елімізде жүзеге асатын реформаларға қатысты бес бағыт белгіленген болатын.
Осы ретте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсынылды. Бастамалар жұрттың шынайы қолдауына ие болды. 1 жылдың ішінде ауқымды істер атқарылғаны рас. Реформалардың «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделгенін атап өткеніміз де жөн.
Өздеріңізде білесіздер, президент сайлауы өтіп, жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттар сайланып, қоғамдағы рөлі артты. Одан бөлек, Конституциялық Сот құрылды. Осы ретте бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтар саяси өмірге емін-еркін араласа бастады.
Одан бөлек, Президенттің сайлау алдындағы тұғырнамасында айтылған басты бастамалар биыл жүзеге асырыла бастады.Қазіргі таңда билік тың қарқынмен жұмыс істей бастағанын көзіміз көріп отыр.
Еліміздің ертеңі биік, болашағы жарқын болуы бір ғана Президентке немесе реформаға артылатын шаруа емес. Оған Қазақстанның әрбір азаматы өз үлесін қосу қажет. Әрбіріміз белсене кірісіп, қолға алатын жауапты іс.
Индира ИКАПОВА, Түркістан "Оқушылар сарайы" ЮНЕСКО клубының директоры