Түркістанда сайлауға қатысты семинар-кеңес өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында айтылғандай, биылдан бастап мемлекетімізде ауыл әкімдерінің сайлауы өткізіле бастады. Айта кетейік, елімізде халықтың 40 пайыздан астамы ауылды жерлерде тұрады. Сондықтан, бұл науқанның реформаларды табысты жүзеге асыруда маңызы зор.
Облыста төрт аудан әкімінің сайлауын өткізу жоспарланған болатын. Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 23-24 қазаны күндері пилоттық режимде аудан әкімінің сайлауы өтетін Мақтаарал, Шардара аудандарында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалымен бірлесе отырып, сайлау процесіне қатысушы саяси партиялар мен жастар ресурстық орталықтарының, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, сайлауалды штабтырының мүшелерінің, прокуратура және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен оқыту семинарларын өткізді.
Оған Мақтаарал ауданынан -- 34, ал Шардара ауданында 28 адам қатысты. Семинардың қорытындысы бойынща қатысушыларға облыстық аумақтық сайлау комиссиясы және Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Түркістан облыстық филиалының сертификаты табысталды.