Түркістан: Жартытөбе тұрғындары әкімін қалай таңдады?

Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округі тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша ауылдық округ әкімі қызметіне  Жүсіпов Данияр Елшібекұлы сайланды.

  • 28.08.2023

Бір айта кетерлігі, бұл азамат бұған дейін де әкімдікте қызмет атқарған. Яғни, елдің сеніміне бұрыннан ие жан екені байқалып отыр.

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жартытөбе ауылында болып, округ әкімін ұжымымен таныстырды.

– Жартытөбе  ауылдық округінде бүгінге дейін көптеген жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта да нақты жоспарларымыз бар. Басты міндет халықпен тығыз байланыста болып, сенімін ақтау. Халықтың әл-әуқатын арттырып, ауылдың өмірін жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстарды өз дәрежесінде атқаруды тапсырамын,- деп алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Аталған рәсімге қатысқан ауыл ақсақалдары жаңа сайланған әкімді ауыл тұрғындары бір ауыздан қолдағанын айтып, жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ ауылдық округте бұған дейін әкімдік қызметте болған Болат Есенқабылдың атқарған жұмыстарына айрықша тоқталып, алғыстарын жеткізді.

Жүсіпов Данияр Елшібекұлы 1994 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін Технологиялық машиналар мен жабдықтар (мұнай және газ өндірісінің) мамандығы бойынша тәмәмдаған. Алғаш еңбек жолын  2016 жылы Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының  арнайы тексерудің қорытындысына дейін уақытша бас маман салық инспекторы, статист болып бастап, 15.08.2016-16.10.2017 Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының  бас маман салық инспекторы, статист, 16.10.2017-27.08.2023 Жартытөбе ауылдық округі әкімінің  кеңесші іс басқарушысы маманы қызметін атқарған.

Түркістан облысында ауыл әкімдерінің сайлауына елдің пікірі өте жоғары. Еске салсақ, 2021 жылғы 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Соған сәйкес ауыл әкімдерін елді мекен тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы сайлау құқығын иеленді. Сондай-ақ бұл лауазымға тұрғындардың өзін өзі ұсынуына мүмкіндік жасалды. Бюллетеньдерде «бәріне қарсымын» деген тармақ та қосылды.

Ал 2022 жылғы наурызда халыққа арнаған Жолдауында Президент аралас сайлау жүйесін енгізуді ұсынғаны белгілі. Мұндай пропорционалды-мажоритарлы үлгіде сайлаушылардың мүддесі ұлттық және өңірлік деңгейде толық көрініс табатыны анық. Соған сай Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталмақ.

«Партияда жоқ азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да сайлана алмайды. Мұны ашық мойындауымыз керек. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы күрт төмендеді. Сайлауды керек қылмайтын адамдардың қатары көбейді. Олар өздерінің дауысы маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбейтін болды. Ашығын айтсақ, қазір жұрт депутаттарды аса тани бермейді. Осындай жағымсыз жайттарды ескере отырып, мен аралас сайлау жүйесіне кө­шуді ұсынамын. Сол кезде барлық азаматтардың құқығы толық ескеріледі», -деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында.

Бұдан бөлек, аралас сайлау үлгісі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына да енгізілді. 2023 жылы өткен сайлауда бұл жүйе өзін толық ақтады.  Бұл – елдегі саяси жүйені одан әрі жетілдіріп, демократияландыруға бағытталған соны қадам деуге болады. Яғни бұған дейін жүзеге асқан партиялардың Мәжіліс пен мәслихатқа өту шегін төмендету үшін осыған дейін қабылданған шешімнің заңды жалғасы десек, қателеспейміз.  Мажоритарлық жүйе бойынша әрбір өңір Мәжіліске кемінде бір депутат сайлауға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ аудандық және қалалық мәслихаттарға сайлау толығымен мажоритарлық жүйеге көшірілді. Мұндай қадам жергілікті ортада бәсекеге қабілетті саяси орта қалыптастыруға жол ашты. Оған Түркістан облысында өткен саяси науқандар дәлел болады. Мықты азаматтарға жол ашылды. Билік пен бұқара арасында диалог нығайды.

Осы ретте «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы, саясаттанушы, Ұлттық құрылтай мүшесі Қазыбек Майгелдиновтің БАҚ өкілдеріне берген пікіріне назар аударған жөн.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында төрт саяси реформалар пакеті қабылданды. Сайлау жүйесіне, саяси партияларға қатысты бірнеше заңнамаға өзгертулер енгізілді. Биыл Конституцияның 33 бап, 56 тармағы жаңарды. Халық референдумды қолдады. Жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Осының аясында елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүзеге асырылып жатыр. Қазірдің өзінде 800-ден астам ауылдың басшылары халықтың тікелей сайлауымен лауазым иеленді»,-деген болатын ол.

Байланысты жаналықтар

Түркістан. Әкімдер – биліктің ауылдағы өкілі

26.11.2023

Түркістан  облысында сайлауға қатысушыларға сертификат тапсырылды

02.11.2023

Түркістанда сайлауға қатысты семинар-кеңес өтті  

26.10.2023

Түркістан. Түлкібас кентіне жаңа әкім келді

19.09.2023

Елдің жарқын болашағына әрбір азамат а өз үлесін қосу қажет

08.08.2023

Саяси реформалар ел өміріне елеулі өзгерістер әкелді

04.08.2023
MalimBlocks
Түркістан. Әкімдер – биліктің ауылдағы өкілі

26 қарашада Келес ауданы Бірлесу және Біртілек ауыл округтері әкімдерінің сайлауы өтті

Түркістан  облысында сайлауға қатысушыларға сертификат тапсырылды

Түркістанда сайлауға қатысты семинар-кеңес өтті  

Түркістан. Түлкібас кентіне жаңа әкім келді

Елдің жарқын болашағына әрбір азамат а өз үлесін қосу қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын Түркістан жұртшылығы үлкен үмітпен қабылдады. Былтыр бүкілхалықтық референдум бойынша облыстық штаб құрамында жұмыс істедім.

Саяси реформалар ел өміріне елеулі өзгерістер әкелді