Түркістан. Әкімдер – биліктің ауылдағы өкілі

26 қарашада Келес ауданы Бірлесу және Біртілек ауыл округтері әкімдерінің сайлауы өтті

  • 26.11.2023

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында:

«Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек» деген болатын.

Бүгінде еліміздегі халықтың 40 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Ал Түркістан  облысында халықтың 80 пайыздан астамы ауылдарда екені белгілі. Әкімдер биліктің сол елді мекендердегі, ауылдардағы халықтың өкілі болып табылады. Сондықтан, Үкімет халықтың мүддесі үшін жасалынатын мұндай шараны көп ұзамай-ақ бастап кетті. Ел азаматтары жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей өздері сайлау мүмкіндігіне ие болды.

Айталық, ағымдағы жылдың 26 қарашасында Келес ауданы Бірлесу және Біртілек ауыл округтері әкімдерінің сайлауы өтті. "Қазақстан Республикасының Сайлау туралы" Конституциялық заңының талаптарына сәйкес, ауыл округіндегі учаскелік сайлау комиссиялары таңғы сағат 07. 00-де ашылып сайлаушылардың дауыс берулері басталды.

Жалпы елімізде жүзеге асырыла бастаған мұндай бастамалардың жаңа реформалардың табысты жүзеге асуына серпін беретіні сөзсіз. Түптеп келгенде, мемлекетімізде «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік орнығуы керек. Ол үшін әрбір азамат жауапты.   Түркістан облысында әкімдерді сайлау жалғасады.

Байланысты жаналықтар

Түркістан  облысында сайлауға қатысушыларға сертификат тапсырылды

02.11.2023

Түркістанда сайлауға қатысты семинар-кеңес өтті  

26.10.2023

Түркістан. Түлкібас кентіне жаңа әкім келді

19.09.2023

Түркістан: Жартытөбе тұрғындары әкімін қалай таңдады?

28.08.2023

Елдің жарқын болашағына әрбір азамат а өз үлесін қосу қажет

08.08.2023

Саяси реформалар ел өміріне елеулі өзгерістер әкелді

04.08.2023
MalimBlocks
Түркістан  облысында сайлауға қатысушыларға сертификат тапсырылды

Түркістанда сайлауға қатысты семинар-кеңес өтті  

Түркістан. Түлкібас кентіне жаңа әкім келді

Түркістан: Жартытөбе тұрғындары әкімін қалай таңдады?

Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округі тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша ауылдық округ әкімі қызметіне  Жүсіпов Данияр Елшібекұлы сайланды.

Елдің жарқын болашағына әрбір азамат а өз үлесін қосу қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын Түркістан жұртшылығы үлкен үмітпен қабылдады. Былтыр бүкілхалықтық референдум бойынша облыстық штаб құрамында жұмыс істедім.

Саяси реформалар ел өміріне елеулі өзгерістер әкелді