Еркін тыныс ал

Алматыда Дүниежүзілік өкпе обырына қарсы күрес күніне орай жетекші онколог-мамандар конференция өткізді.

Malim Админ

  • 17.08.2023

Тамыз айында бүкіл әлемде Өкпе обырына қарсы күрес күні аталып өтеді. Өкпе обыры (ӨО) – қатерлі ісіктің басқа түрлеріне қарағанда көптеген адамның өмірін жалмайтын ең көп таралған онкологиялық кеселдердің бірі. Қазақстанда өкпе қатерлі ісігі онкологиялық дерттің ішіндегі сүт безі обырынан кейінгі екінші орында, бірақ өкпе обыры бойынша өлім бірінші орында тұр. Елімізде жыл сайын 3500-ге жуық адам ӨО-мен ауырады. Одан күн сайын 6-7 адам қаза табады. Аурудың негізгі себебі – темекі шегу, оның ішінде пассивті шылым тарту да бар (барлық жағдайлардың шамамен 90%). Сондай-ақ, өкпе қатерлі ісігінің дамуы генетикалық сипатқа қатысты болуы мүмкін.

Осыған орай 17 тамызда Алматыда «АстраЗенека» халықаралық биофармацевтикалық компаниясының қолдауымен «Еркін тыныс ал» атты өкпе обырының ауыртпалығы туралы халыққа түсіндіруге мақсатында конференциясы өткізді. Іс-шараның спикерлері ретінде жетекші онколог-мамандар – кеуде қуысы онкологы, химиотерапевт, тағы басқа дәрігерлер қатысты.  

Қадырбаева Рабиға Есенғалиқызы, кеуде қуысы онкологы, химиотерапевт, «ҚазОРҒЗИ» АҚ: «Өкінішке қарай, елімізде өкпенің қатерлі ісігі сияқты қауіпті аурудың дамуына әсер ететін көптеген факторлар бар. Экологиялық жағдай, темекі шегу, сондай-ақ генетикалық факторлар аурудың пайда болуына себеп болуы мүмкін. Көбінесе өлім-жітім жағдайы кеселдің кеш анықталуының салдары болып табылады. Ерте кезеңдерде ӨО еш симптомсыз болуы мүмкін, науқастардың тек 6%-ына аурудың бірінші кезеңінде диагноз қойылады, бұл уақытта хирургиялық емдеу көрсетіледі. ӨО жағдайларының көпшілігі кеш кезеңдерде анықталады – осы уақытта пациентке инновациялық терапия қажет болуы мүмкін. Өкпенің қатерлі ісігі туралы халықтың сауаттылығын  арттыру, онкологиялық сақтыққа тәрбиелеу және пациенттермен жұмыс жасау, оларды аурумен күресуге бейімдеу өте маңызды. Қазіргі заманғы ғылыми жетістіктер, атап айтқанда қазақстандық дәрігерлердің қолында бар инновациялық препараттар аурудың кеш сатысында да пациенттердің жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді»,- деді.

Ад Смағұлова Қалдыгүл Кабаққызы, м.ғ.к., «ҚазОРҒЗИ» АҚ химиотерапия күндізгі стационары бөлімшесінің меңгерушісі сөзінде: «Өкпе қатерлі ісігінің алдын алудың маңызды аспектілері қатарында темекі шегумен күресу, салауатты өмір салты бар. Ең тиімді скринингтік бағдарламаларды енгізу түріндегі ерте диагностика нәтижелерді жақсартуға айтарлықтай оң үлес қоса алады. Еліміздің тұрғындары арасында онкологиялық сақтықты дамыту ерекше қолдауды қажет етеді. Әрбір қазақстандық өзінде және жақындарында тұрақты жөтел, кеуде мүшелерінің жиіленген инфекциясы, тыныс алудың қиындауы, ентігу, ысқырықты сырылдар, қан түкіру, кеудедегі ауырсыну, айқын әлсіздік сияқты белгілердің пайда болуына назар аударуы тиіс. Уақтылы анықталған кесел – табысты күрестің кепілі. «Еркін тыныс ал» іс-шарасы – өкпенің қатерлі ісігі туралы білімді насихаттауға арналған тамаша бастама. Мұндай жобалардың республикада көбірек болуы маңызды» десе  Мария Шипулева, Қазақстандағы «АстраЗенека Ю-Кей Лимитед» ЖАК өкілдігінің директоры: «Өкпенің қатерлі ісігі ауруымен күресу – «АстраЗенека» компаниясы жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Біз мыңдаған пациенттердің өмір сүру сапасын сақтау жолында өлімге әкелетін осы кеселді созылмалы санатқа ауыстыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бүгінгі таңда Қазақстанда өкпе обырының мақсатты және иммундық терапиясы үшін екі «АстраЗенека» препараты тіркелген. Біз сондай-ақ аурудың диагностикасын жақсарту бойынша жобаларды дамытудамыз, бұл пациенттердің денсаулығы мен өмір сапасына зиян келтіруді азайта отырып, тиімдірек емдеуге жекелендірілген тәсілді әзірлеуге мүмкіндік береді. Біз көптеген пациенттерге көмек қолын созу үшін инновациялық молекулаларды әзірлеу бойынша жұмысты жалғастырамыз» деді.

«АстраЗенека» өкілдігі Қазақстанда 2007 жылдан бері жұмыс істейді.