457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Министр Молекулалық биология және Биохимия институтының ұжымымен кездесті

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және Биохимия институтында болды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында болды.

Министр институт ұжымымен кездесіп, ғылымды жаңғыртудың өзекті бағыттарына тоқталды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде іргелі және қолданбалы ғылымды одан әрі дамыту перспективалары туралы өз пайымдауымен бөлісті.

Ғылым мен бизнестің өзара әрекеттесуінің маңыздылығына және өндірістегі ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Жұмыс сапарының соңында Саясат Нұрбек пен Ғылым комитетінің төрағасы Ахмед-Заки Дархан институттың барлық зертханаларын аралап, ғалымдардың ғылыми жетістіктерімен және жүргізіп жатқан зерттеулерімен танысты.

1983 жылы құрылған Қазақстандағы бірден бір, ТМД елдері мен бүкіл дүниежүзіне танымал молекулалық биология, молекулалық генетика мен биоинженерия бойынша жетекші орталық.