Министрлік алдында түнеп жатқан аналарды полиция күштеп алып кетті

Malim Админ

  • 10.06.2020

Астанадағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдына түнеген көп балалы аналарды полиция алып кетті. Бұл туралы Malim.kz  хабарлайды.

Facebook желісінде жарияланған видеода таң ертең (10 маусым) әйелдерді алып кету үшін жедел жәрдем көлігі мен бірнеше автобус келіп тұрғанын байқауға болады. Видеоны түсірген сонда түнеген әйелдердің бірі. Ол:

«Әкімшіліктің адамдары ма деп ойлап жатырмыз, бес «скорыйды» әкеп, дайындап қойды, жүргізушілерге машинаны оталдырып, дайындатып қойды. Бізді алып кетуге әрекет жасайтын шығар. «Перчатки», бәрін киіп, өздерінше дайындалып жатыр. Келе жатыр әне. Пәссіміллә, бір Алладан енді. Жо-жоқ, бір жерге жиналуға болмайды бізге. Міне келді», - дейді.

Бұдан ары видеода полиция формасындағы адам бастап, бірнеше азамат келіп, өздерін таныстырады. Бірақ, дауыстары анық емес. «Бұл жерге жиналуға болмайды» деген сөздерді естуге болады. Көп балалы аналар оларды тыңдамай, Қазақстан Республикасының гимнін бастап кетеді.

Ақ қорғаныш киімін киген бір топ адам гимнін орындалып біткенше күтіп тұрады да, ары қарай әйелдерді ұстай бастайды. "Міне, аналарға қалай қысым жасап жатыр, көріңіздер, халқым! Көмектесіңдер!" деп айқайлайды әйелдердің бірі. Айғайлаған, шыңғырған әйелдердің даусына қарамастан, ақ киімділер ісін жалғастыра береді. Ақыры, видео түсіріп жүрген әйелді де ұстайды да, видео үзіліп кетеді.

Азаттық радиосының жазуынша, оларды астанадағы "Рамада Плаза" қонақүйіне алып кеткен, қазір «карантиндік нысан» деп, ешкімді кіргізбейді, жедел жәрдем көліктері мен полиция қызметкерлері жүр.

Айта кету керек, әр балаға 21 мың теңгеден жәрдемақы төлеу, көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, мәжбүрлі түрде вакцина салдырмау, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған аналарға баспана беру сияқты талап қойған бір топ әйел министрлік алдында екінші күн түнеп жатқан. Олардың ішінде бірнеше әйелдің аяғы ауыр екені де айтылған.

Байланысты жаналықтар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

23.08.2024

Мүгедектікті белгілеу бойынша 52 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

05.08.2024

«50 мың теңгеден төленеді»: Еңбек министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

28.06.2024

Биыл қандай мамандыққа көп грант бөлінетіні белгілі болды

20.06.2024

Еліміз жыл басынан бері 1,5 трлн теңгеге зейнетақы төлеген

20.06.2024

Қазақстандағы айлыққа жұмыс істеуге робот та келмейді

24.11.2022
MalimBlocks
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асқар Сақтағанұлы Биахметов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мүгедектікті белгілеу бойынша 52 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

«50 мың теңгеден төленеді»: Еңбек министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Ведомство мәліметінше, қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

Биыл қандай мамандыққа көп грант бөлінетіні белгілі болды

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім етті

Еліміз жыл басынан бері 1,5 трлн теңгеге зейнетақы төлеген

Базалық зейнетақы төлеуге – 487,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 61,8 млрд теңге жұмсалған.

Қазақстандағы айлыққа жұмыс істеуге робот та келмейді

Ресми дерекке қарасақ, робот қойылған ірі және орта ұйымдар саны елде көбеюдің орнына азайып келеді