Мүгедектігі бар азаматтар оңалту түрін өзі таңдайды

  • 10.04.2023

 

Алматы қаласы бойынша мүгедектігі бар балалар үшін арнайы психологиялық қолдау қызметін көрсететін мамандарға өңірлік бюджеттен берілетін төлем көлемі бекітілетін болады.

«Ашық НҚА» порталында жария болған әкімдік қаулысында: «Алматы қаласының 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін»,- делінген.

Қазіргі таңда психологиялық-педогогикалық көмек түрін алу мақсатында 1500 ге жуық мүгедектігі бар бала кезекте тұр.

Сонымен қатар, осы жылдың көрсеткіші бойынша әлеуметтік қызмет порталы арқылы 138 мыңнан аса мүгедектігі бар азаматтар көмек алған. Сондай-ақ, Әлеуметтік қызметтер порталының көмегімен техникалық құрылғылар мен сауықтыру қызметін алу уақыты 8 айдан 1 айға қысқарды.

Былтырғы жылдың аяғына дейін 17 ерте оңалту орталықтары ашылып, олар жеңа туған балалардың патологиясын уақытында анықтап, ем-шараларды дер кезінде қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.

Еліміздің бірқатар өңірлерінде мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы сауықтыру орталықтарын салу жұмыстары да кешенді жүріп жатыр. Сауықтыру орталықтары арқылы азаматтар медициналық көмектің бірнеше түрін және сауықтырудың бірқатар қызметін алуға мүмкіндіктері болады.

Бүгінде елдегі мүгедектігі бар азаматтар оңалту түрлерін өздері таңдауға мүмкіндік беріліп отыр. 107,3 мүгедектігі бар адам оңалту техникалық құралдарымен, 6 мыңнан астамы ым-ишара тілі мен 25 мыңдай адам жеке көмекшінің қызметін алды. Портал арқылы мүгедектігі бар адамдар арнаулы әлеуметтік қызметтің медициналық-әлеуметтік бөлімшелеріне, жеке көмекші көмегіне сонымен қатар, ымдау тілі және санаторлық-курорттық емдеу қызметін алуға жағдай жасалған. Сондай-ақ порталдың мүгедектігі бар адамдарға беретін қызметі: техникалық құралдар мен қызметтерін өндіруші және жеткізуші қызметін өздері таңдауға мүмкіндіктер ұсынып отыр.

Керекті көмектің түріне тапсырыс беру үшін ең алдымен қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталуы керек. Тапсырыс берген оңалту техникасын жеткізу көмегімен немесе өзі әкету арқылы ала алады. Алматы қаласында мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктері қарай оңалту техникалық құрылғыларының бірнеше түрлері ұсынылады. Олар сурдотехникалық, протездік,ортопедиялық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар және кресло-арбалар.

Қалада бүгінде әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға, арналған арнайы мектептер, сонымен қатар, сауықтыру  кешендері көптеп салынуда. Арнайы сауықтыру кешендерінде бассейндер салынып, спорттық ойындар мен шахматтан арнайы жарыстар ұйымдастырылып отырады.  Арнаулы медициналық көмек түрлері мен, емдік-профилактикалық қызмет түрін пайдалана алады.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.