Орманнан қарағай қазып, өз үйіне отырғызбақ болған

Malim Админ

  • 21.04.2020

Атам қазақ: «Бір тал кессең, он тал ек», – дейді. «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деген тағы бар. Шариғатымызда егер бір ағаш егіп, кейін оның көлеңкесінде әр жан иесі демалып отырса, яғни сая тапса, онда саған сауабы жазылады. Тіпті, сол ағашты еккен адам дүниеден өтсе, сауабы артынан тоқтамай барып тұрады екен.

Бірақ бүгінгі қазағыңыз обал мен сауапты, еңбек пен ақыны ұмытқан. Бір тал кессе, он тал екпейді. Керсінше он тал кесер, бір тал егер, я емес. Артында мал қалар, бірақ тал қалмайды.

Мәселен, Ақмола облысында орман шаруашылығы аумағында өсіп тұрған он сегіз түп қарағай ағашын бір тұрғын қазып алған. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты.

Департамент мәліметінше, браконьер қазып алған ағашты өзінің үйіне отырғызбақ болған. «2020 жылғы сәуірдің 17-інде Ақкөл аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері мен Краснобор орман шаруашылығының жұмысшылары Степной орман шаруашылығы аумағында өсіп тұрған он сегіз түп қарағай ағашының қазып алынғандығын анықтаған. Күдікті ретінде Астрахан ауданының тұрғыны, бұрын сотты болған 50 жастағы ер адам ұсталды. Алдына ала мәліметтер бойынша келтірілген шығын көлемі бес жүз мың теңгеден асады. Күдікті ағашты қазып жатқан жерінде ұсталды. Сондықтан, ағаштар қазылған жерінде қалды. Ер адам полиция бөлімшесіне кезекшілік бөліміне жеткізілді», - деді тәртіп сақшылары.

Қазіргі кезде осыған байланысты іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Елуге кеп, ер адам ел ағасы болатын. Бұл бұрын. Қазір өз үйіне ағаш отырғызу үшін браконьерлікпен айналысады.

Фото. Ашық ақпарат көздерінен алынды

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды

02.05.2025

Олигархтардан қайтарылған 1 миллиард теңге қайда жұмсалмақ?

28.04.2025

Темірмен ұрған: асырап алған балаға қатыгездік танытқан әйелге сот үкімі шықты

27.04.2025

Ақмола облысында шенеунік жетім балаға арналған үйде тұрған

25.04.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды

Олигархтардан қайтарылған 1 миллиард теңге қайда жұмсалмақ?

Темірмен ұрған: асырап алған балаға қатыгездік танытқан әйелге сот үкімі шықты

Ақмола облысында шенеунік жетім балаға арналған үйде тұрған