Пандемиядан кейін онлайн курстар көбейеді

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы елдегі ғылым мен білім саласын дамытуға бағытталды. Бүгінгі таңда білім жүйесінде қалыптасқан жағдайға қатысты бірқатар өзекті ұсыныстар болды. Бұл туралы саясаттанушы Қазбек Майгелдинов мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
«ЖОО-лардың санын қысқарту бастамасы осыған дейін де болды. Алайда, қазір мәселе санда емес сапада болып отыр. 19 млн халқы бар ел үшін 100 (128-130) жоғары оқу орнының болуы көпшілік етеді. Үздік ЖОО-лар болуы керек, ал басты назарды ТжҚБ-ға аудару керек. Онда тек диплом иеленушілер ғана емес, әртүрлі салалардағы мамандық иелері білім алатын еді», - деді Қ.Майгелдинов.
Сондай-ақ, ол атап өткендей, пандемия онлайн оқыту саласына әлемдік бетбұрыс жасауға итермеледі.
«Пандемияға дейін онлайн курстарының бұқаралық ашылуы дәстүрлі университеттермен бәсекеге түсіп, олардың тірішілік етуіне әсер етеді деген болжамдар болды. Алайда, бүгінде онлайн форматқа аяқасты өту дәстүрлі институттардың онлайн институттарға трансформацияланауына әкелетінін көрдік. Отандық ЖОО-лар мұндай көшуге дайын ба? Бар мәселе осында болып отыр», - деді Қазбек Майгелдинов.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Боранбаевты қолдаушылар қатарына Паралимпиада комитеті мен Қайрат футбол клубы қосылды
Қазақстан Ұлттық Паралимпиада комитеті мен алматылық Қайрат футбол клубының ұжымы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, экс-президенттің экс-құдасы, миллиардер Қайрат Боранбаевтың тергеу ісін ашық әрі әділ өткізуді сұрады.
Бауырластық әлде бақылауды күшейту – Тоқаевтың Түркия сапары
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет Түркияға ресми сапармен барып, президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Кездесу барысында да, одан кейін де бауырласу, туыстық қарым-қатынас туралы көп айтылды. Бұдан бөлек, екі ел арасында біршама келісімдерге жасалды. Бұл келісімнен кейін Түркияның Қазақстанға әсері күшеюі бек мүмкін. Талдап көрелік.