Қ. Бозымбаевтың баласы ауылға мектеп салып берді

Алматы облысындағы Қосқұдық станциясында бірінші рет темір жолдың дабылынан мектептегі алғашқы қоңыраудың дауысы басым шықты.

  • 30.08.2023

Себебі, Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округіне қарасты қосқұдықтардың арманы орындалып, ауылдарына жаңа мектеп салынды. Оның ашылуына барған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жаңа мектеп ауылдың дамуына серпін береді деп бағалады.

«Бұл мекеннің даму потенциалы жоғары. Қасында теміржол стансасы бар, облыс орталығына жақын орналасқан. Жаңа мектепке тұрғындардың дән риза болғанын байқадық. Мектеп - маңызды инфрақұрылымдық нысан. Оның арқасында жас мамандарды, отбасыларды тартып, ауылға жан бітіруге болады. Бұл - елдімекеннің дамуына тың серпін болары да анық», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар ол Қосқұдықта мектеп салуды қолға алған Дәурен Алдабергенге, «Халық игілігі» қоғамдық қорына алғысын айтты.

 Әкім алғыс айтқан Дәурен Алдаберген облыстың бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаевтың баласы. Дәурен Алдаберген достарымен бірігіп, 750 миллион теңгеге 100 орындық мектеп салыпты. Онымен шектелмей мектепке қажетті заманауи оқу құрал жабдықтарын алып берген. Мәселен, жаңа мектепте 24 оқу кабинеті, 2 шеберхана, компьютерлік сынып, 3 арнайы кабинет (физика, химия, биология), 3 интерактивті тақта, акт және спорт залдары, 60 орындық асхана, оқу залы бар кітапхана, медициналық кабинет бар. Мектепте 20 мұғалім қызмет етеді. Қажетке жарар деп жаңа көлік те сыйлады. 

«Бүгін өзім үшін, бала-шағам үшін ерекше күн. Осы уақытқа дейін қаншама мектептің салынуына қатысып, үлес қосып жүрсем де, бүгінгідей толқыған емеспін. Өйткені әкем Алдаберген өскен осы ауылда мына жаңа мектепті  ұлым Дәурен мен оның достары салып беріп, көңілімді көкке көтеріп тұр. Олар «Халық игілігі» қоғамдық қорын құрып, өз күштерімен осы ғимаратты салып шықты» деді Қанат Бозымбаев ел алдында.

Қосқұдықтағы бұрынғы мектеп 1952 жылы салынғандықтан ескіріп, тозған соң тұрғындар Қ. Бозымбаевқа әкім кезінде мектеп салып беруге өтініш айтқан.

«Әкім ретінде осы ауылға келгенімде бірінші жайылым жердің, екінші медициналық пункт пен мектептің мәселесі шықты. Жайылым жерді тұрғындарға қайтартып бергіздік. Медициналық пункт те шешілді. Ал мектепті бюджет есебінен салуға уақыт керек болды. Оның үстіне бюджетте бірінші үлкен ауылдарға басымдық беріледі. Осыны естіген балам қайырымдылық қорын құрып, достарымен бір жылдың ішінде салып берді. Сөйтіп, елге берген уәдемді орындап, мені де, ауыл тұрғындарын да қуантты. Жалпы, Қосқұдық темір жол бойындағы станция болғандықтан үнемі жұмыс болады. Сосын, бұл ауылда кірпіш зауыты бар. Жақын арада Қонаев қаласында құрылыс қызу жүре бастайды. Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту ғана қалды.   Жаңа мектеппен бұл ауылдың жаңа дәуірі басталады» деді.  Сондай-ақ ол баласының «Халық игілігі» қоғамдық қоры елде бюджет кезіге жетпей жатқан мәселелерді шешуге алдағы уақытта да көмектесетініне сенім білдірді.

Д.Алдабергеннің айтуынша, "Жайлы мектеп" салу жайындағы президент Қ.Тоқаевтың бастамасы кәсіпкерлерге мотивация берген. 

"Бастапқыда бизнесте жүрген әріптес-достарыммен мектеп салуды ақылдасып, іске кірісер кезінде біраз қобалжыдық. Енді, міне, мектеп табалдырығын қуанышпен аттаған оқушыларға қарап, риза болып жүрміз. Мектеп салудан тәжірибе жинадық. Президенттің "Жайлы мектеп" салу жобасы әр жерде жалғасын табады. Кәсіпкерлерде мектеп салу мәдениеті қалыптасады" деді ол. 

Жалпы, Алматы облысында 456 мектеп болса, онда 330 мыңнан астам оқушы білім алады. Облыста үш ауысымды оқу мәселесін жою өзекті мәселенің бірі.

Алматы облысы әкімдігінің есебіне қарағанда, биылғы оқу жылында бірінші сыныпқа  38 700 бүлдіршін бармақ.  Ал дәл осы күндері облыста 16 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Алдағы күндері есігін айқара ашатын осы жаңа мектептерде   15 мыңнан астам оқушы білім алмақ. 


 

 

Байланысты жаналықтар

Қостанай облысында су тасқыннан зардап шеккен 57 отбасыға жаңа үй берілді

19.07.2024

Бозымбаев еліміздің батыс өңірлерін дамытуға қатысты кеңес өткізді

04.07.2024

«Алладан сұраңыз»: Бозымбаев келесі жылы тасқын бола ма деген сұраққа жауап берді

25.06.2024

Үкімет су тасқынына орай қаржы бөлген олигархтардың тізімін жария етті

25.06.2024

Су тасқыны: Тоқаев Қанат Бозымбаевқа зардап шеккен үйлердің құрылысын бақылауға алуды тапсырды

07.06.2024

Бозымбаев Атырау облысындағы су тасқынына қарсы күрес шараларын тексерді

13.05.2024
MalimBlocks
Қостанай облысында су тасқыннан зардап шеккен 57 отбасыға жаңа үй берілді

Бозымбаев еліміздің батыс өңірлерін дамытуға қатысты кеңес өткізді

Сондай-ақ ол экологиялық проблемаларды шешуге ерекше назар аударуды тапсырды.

«Алладан сұраңыз»: Бозымбаев келесі жылы тасқын бола ма деген сұраққа жауап берді

"Егер монолог айтқыларыңыз келсе, айтыңыздар. Тыңдайық" деді ол.

Үкімет су тасқынына орай қаржы бөлген олигархтардың тізімін жария етті

Бозымбаев өз сөзінде кәсіпкерлердің біраз бөлігі «Демеу» қоры мен «Қазақстан халқына» қоры арқылы қаражат аударғанын еске салды.

Су тасқыны: Тоқаев Қанат Бозымбаевқа зардап шеккен үйлердің құрылысын бақылауға алуды тапсырды

Табиғат апаты кезінде жалпы 11 998 тұрғын үйді, 5 359 саяжай құрылысын су басқан.

Бозымбаев Атырау облысындағы су тасқынына қарсы күрес шараларын тексерді

Өңірде су тасқыны қаупі сақталып тұр.