Қарағандыда жәбір көрген жедел жәрдем жүргізушісі 5 миллион теңге талап етті

Іс бұзақылық бабы бойынша қаралып жатыр.

Malim Админ

  • 07.03.2024

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сот басталды, деп хабарлайды «КТК» телеарнасы. Іс бұзақылық бабы бойынша қаралып жатыр.

Зардап шеккен азамат моральдық және материалдық шығынды өтеуге 5 миллион талап етіп азаматтық арыз түсірген. Бұған дейін жүргізуші оны кешіретінін мәлімдеген.

Енді зардап шеккен жүргізуші алған жарақаты ауыр екенін растау үшін қосымша сараптама жүргізуді сұрап отыр. Сонымен қатар моральдық және материалдық шығын ретінде 5 миллион теңге талап етіп, адвокат та жалдаған. Осыған қатысты жәбірленушінің адвокаты Бағдат Хасенов пікір білдірді.

«Бейнежазбада Нұрболатты кешірем дегені оның жеке шаруасы, ол адам ретінде рухани тұрғыда кешірдім дегені. Ал денсаулығына келген залалды өтеу — бөлек әңгіме. Оның мұрнына екінші рет ота жасалады. Яғни соққы өте ауыр болған», - деді адвокат.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға қаңтар айында 36 жастағы Нұрболат Дәкебаев жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты. Шақыртуға келген бригаданың көлігі подьездің алдын көлегейлеп, жүргіншілер жолын жауып тастаған. Ескерту жасамақ болған жүргізуші көліктен шығып, күдіктімен дауласқан. Ақыры таяқ жеп жатқанын фельдшер таспаға түсіріп алыпты. Аталған видео желіге тараған соң, күдікті бой тасалаған. Бірнеше күннен кейін қыстақтан ұсталған соң жүргізуші оны кешіретінін мәлімдеген.

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды